|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 желтоқсанындағы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1339 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Салыққа жатпайтын түсімдерді өндіріп алуға жауапты және олардың түсуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 желтоқсандағы № 1303 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген салыққа жатпайтын түсімдерді өндіріп алуға жауапты және олардың түсуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың тізбесінде: реттік нөмірі 5-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері»; реттік нөмірі 6-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері»; реттік нөмірі 10-жолдың 3-бағанының бірінші және төртінші абзацтары алынып тасталсын; реттік нөмірі 11-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Тәркіленген мүлікті, белгіленген тәртіппен республикалық меншікке өтеусіз өткен мүлікті, оның ішінде мемлекеттің пайдасына бас тарту кедендік режимінде ресімделген тауарлар мен көлік құралдарын сатудан түсетін түсімдер»; реттік нөмірі 17-жолдың 3-бағанының жетінші және оныншы абзацтары алынып тасталсын; реттік нөмірі 18-жолдың 3-бағанының он төртінші және он бесінші абзацтары алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |