|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қазандағы № 1577 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 992 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қазандағы № 1577 қаулысына, (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 510-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 3 және 4-тармақтар алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломымен марапаттауға байланысты мәселелерді қарау жөніндегі ережеде: 6-тармақтағы «, ақпарат және спорт» деген сөздер «және ақпарат» деген сөздермен ауыстырылсын; 8-тармақтағы «бірақ жылына», «, ақпарат және спорт» деген сөздер тиісінше «бірақ екі жылда», «және ақпарат» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |