|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 42, 538-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ережеде: 1-тармақтың екінші абзацында «полиграфия» деген сөзден кейін «, мемлекеттік нышандарды пайдалану» деген сөздермен толықтырылсын; 9-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «010000, Астана қаласы, Министрліктер Үйі» ғимараты»; 10-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы «полиграфия» деген сөзден кейін «, мемлекеттік нышандарды пайдалану» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: «Кино» бөлімінде: реттік нөмірі 30-жол мынадай редакцияда жазылсын: «30. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ»; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті туралы ережеде: 6-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «010000, Астана қаласы, Министрліктер Үйі» ғимараты»; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Акпарат және мұрағат комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: «Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ұйымдар» деген бөлімде: реттік нөмірі 3-жолдағы «ААҚ» деген аббревиатура «АҚ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын; реттік нөмірі 5-жолдағы «ЖАҚ» деген аббревиатура «ЖШС» деген аббревиатурамен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |