|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 шілдедегі № 574 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1474 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Жерге орналастыру, топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 шілдедегі № 574 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Жерге орналастыру, топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде: 16-тармақтың үшінші абзацының екінші сөйлеміндегі «лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын» деген сөздер «лицензияның телнұсқасын» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |