Қазақстан экономикасының «қызып кету» себептерін талдау және оны еңсеру
бойынша шаралар кешенін әзірлеу жөнінде жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 274-ө Өкімі
(2007.20.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 15 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан экономикасының «қызып кету» себептеріне талдау жүргізу және оны еңсеру жөнінде шаралар кешенін әзірлеу мақсатында:
ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 224 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Мусин Аслан Есболайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, жетекші |
Құсайынов Марат Әпсеметұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, хатшы |
Iзмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрi |
Қарақұсова Гүлжан Жанпейісқызы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрi |
Коржова Наталья Артемовна | - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi |
Дунаев Арман Ғалиасқарұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы |
Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы | - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы |
Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы |
Бішімбаев Қуандық Уәлиханұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі |
Құсайынов Нұрлан Жетпісұлы | - «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы |
Үртембаев Асқар Қалмұхаметұлы | - Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесі төрағасының кеңесшісi |
Сәбден Оразалы Сәбденұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетi «Экономика институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорныныңдиректоры |
Ахметов Серік Нығметұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрi |
Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрi |
2. Жұмыс тобы ай сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан экономикасының «қызып кету» себептерін талдау жөніндегі есепті және оны еңсеру бойынша шаралар кешенін әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды енгізсін.
3. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовке жүктелсін.
Премьер-Министр | Д. Ахметов |