|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеудің және келісудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 30, 326-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеу және келісу ережесінде: 1-тармақта «орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының,» деген сөздер алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |