|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1644 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1644 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережеде: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Ішкі істер органдарына: а) белгіленген тәртіппен әрекет жасауға қабілетсіз немесе әрекет жасау қабілеті шектеулі деп танылған; б) сотпен белгілі бір мерзімнің ішінде мемлекеттік лауазымды атқару құқығынан айырылған; в) өзінің мәртебесін және соған негізделген беделін жеке басының, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерге пайдалануға алып келуі ықтимал әрекеттерге жол бермеу мақсатында өзіне заңмен белгіленген шектеулерді қабылдаудан бас тартқан; г) қызметке орналасар алдындағы екі жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапқа тартылған; д) қызметке орналасар алдындағы бір жыл ішінде қасақана құқық бұзғаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған; е) қызметке орналасуға дейінгі үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған; ж) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған; з) бұрын сотталған және қылмыстық жауапкершіліктен ақтауға болмайтын негіздер бойынша босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, өзге құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептермен босатылған; и) алкоголизммен немесе нашақорлықпен созылмалы науқас ретінде денсаулық сақтау және ішкі істер органдарында есепте тұратын; к) науқасы бойынша мерзімді әскери қызметтен босатылған және әскери комиссариатта әскери саптық қызметке жарамсыз не шектеулі жарамды ретінде есепте тұратын; л) осы Ереженің 4 және 6-тармақтарында көзделген талаптарға жауап бермейтін адамдар қабылданбайды. Көрсетілген мәліметтерді ұсынбау немесе бұрмалау ішкі істер органдарына қызметке қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.»; 11-тармақтың бірінші абзацындағы «дейін» деген сөзден кейін «Ішкі істер министрлігінің оқу орындарында» деген сөздермен толықтырылсын; 12-тармақтың бірінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: «18 жасқа толмаған адамдармен келісім-шарт жасалған жағдайда, олардың ата-аналарының асырап алушыларының немесе қамқоршыларының келісімі қажет.»; 44-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: «Аға басшы құрамның-полиция полковнигі кезекті арнайы атағын беруге ұсынылған қызметкерлерінің атқаратын лауазымында кемінде 6 ай жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.»; 45-тармақтың алтыншы абзацы өзгеріссіз қалдырылсын; 48-тармақтың екінші абзацындағы «қоса алғанда-» деген сөздерден кейін «комитеттердің төрағалары» деген сөздермен толықтырылсын; 49-тармақтағы «докторанттарына» деген сөзден кейін «, сондай-ақ оқу ақысын мемлекет қаражаты есебінен төлей отырып, Ішкі істер министрлігінің жолдамалары бойынша шет мемлекеттер ішкі істер органдарының оқу орындарында оқитындарға» деген сөздермен толықтырылсын; 65, 67-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «65. Ішкі істер органдарының қызметкерлерін аттестациялау - олардың кәсіби даярлығының, құқықтық мәдениетінің деңгейін және азаматтармен жұмыс істеу қабілетін анықтау бойынша кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын рәсім. Аттестациялау кезінде қызметкерлердің оларға жүктелген міндеттерді орындау қабілеті негізгі бағалау өлшемі болып табылады. 67. Қызметкерлер құқық қорғау органдары жүйесінде үздіксіз қызметте болған әрбір кейінгі үш жыл сайын аттестациядан өтеді. Бұл ретте аттестация көрсетілген мерзім болған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей өткізілуі тиіс. Егер аттестацияланатын қызметкерлер жаңа лауазымға тағайындалған жағдайда, олар тағайындалғаннан кейін бір жылдан соң аттестациядан өтеді. Тең дәрежелі лауазымға тағайындалған кезде, егер ол функционалдық міндеттерінің өзгеруіне әкеп соқпаса, бұл мерзім есепке алынбайды. Егер қызметкердің құқық қорғау органдары жүйесіндегі қызметтен босатылған күнінен бастап және оны ішкі істер органдарына қызметке қабылдаған күнге дейін үш айдан артық уақыт өтпесе, онда көрсетілген кезең үшін өзге заңды (мемлекеттік органдарды қоспағанда) және жеке тұлғалармен еңбек қатынасы болмаған жағдайда ішкі істер органдарында қызметте болған уақыты үздіксіз деп есептеледі.»; 68 және 69-тармақтар алынып тасталсын; 70-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Қызметкерлер қатарындағы әйелдер жүкті немесе бала күтімі бойынша демалысы кезеңінде аттестациялауға жатпайды. Олар қызметке шыққаннан кейін кемінде алты айдан соң және бір жылдан кешіктірмей аттестациялануы тиіс.»; 72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «72. Аттестациялау комиссиясының шешімі қызметкерге мерзімінен бұрын арнайы атақ беру, қызметкерді жоғары тұрған лауазымға тағайындау үшін кадр резервіне қабылдау, қызметкердің лауазымын төмендету немесе босату үшін негіз болып табылуы мүмкін.»; 88-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Ішкі істер министрлігінің оқу орындарына күндізгі және сырттай оқу нысаны бойынша түсетін қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға қабылдау емтихандарына дайындалу және тапсыру үшін ақшалай ұстау сақталатын, ал басқа оқу орындарына түсетіндерге қабылдау емтихандарын тапсыру үшін ақшалай ұстау сақталмайтын оқу демалысы беріледі.»; 91-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «91. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар: а) зейнетақы алуға құқық беретін еңбек сіңірген жылдары (қызмет мерзімі) және әскери қызметте болудың шекті жасына толуы бойынша; б) жасы бойынша - осы Ереженің 13-тармағымен өздері үшін белгіленген қызметте болудың шекті жасына жеткендер; в) денсаулық жағдайы бойынша - әскери қызметке жарамсыздығы немесе шектеулі жарамдылығы туралы әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы (қаулысы) негізінде; г) штаттың қысқаруына немесе ішкі істер органдарының қайта ұйымдастырылуына байланысты басқа лауазымда пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда; д) еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты одан әрі қызмет өткеруден бас тартқан жағдайда; е) келісім-шартты бұзуға не келісім-шарт мерзімінің аяқталуына байланысты; ж) өз қалауы бойынша; з) белгіленген тәртіппен басқа мемлекеттік органдарға (ұйымдарға) жұмысқа ауысуына байланысты; и) сынақ мерзімінің ішінде қызметке жарамсыздығы анықталған жағдайда; к) әскери қызмет тәртібін өрескел бұзғаны үшін; л) аттестацияның қорытындысы бойынша анықталған қызметке сай келмеуі бойынша; м) ішкі істер органдарының қызметкері атағына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін; н) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауына байланысты; о) заңды күшіне енген соттың айыптау үкімінің шығуына байланысты; п) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуына байланысты қызметтен запасқа шығарылады. Қызметтен босатылатын қатардағы және басшы құрамдағы адамдар, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің оқу орындарынан шығарылған курсанттар мен тыңдаушылар қызметтік куәлікті, нысанды және арнайы киім-кешекті тапсырады.»; 92 және 93-тармақтар алынып тасталсын; 94-тармақтың бірінші абзацында: «(айналасындағыларға айқын көрінетіндей) болуы;» деген сөздерден кейін «сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық не сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасағаны үшін; қызметтік міндеттерін орындауға байланысты ішкі істер органдарының қызметкеріне белгілі болған мемлекеттік, қызметтік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария ету;» деген сөздермен толықтырылсын; «және т.б.» деген сөздер алынып тасталсын; 95-тармақтың екінші абзацындағы «екі ай» деген сөздер «бір ай» деген сөздермен ауыстырылсын; 96-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «96. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды қызметтен босатуды осы лауазымдарға қызметкерлерді қабылдауға және тағайындауға құқық берілген лауазымды адамдар жүргізеді.»; 111-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «111. Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне теріс қылықтары анықталған күнінен бастап бір айдан және теріс қылықтар жасаған күннен бастап алты айдан кешіктірмей тәртіптік жаза қолданылады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасағаны үшін теріс қылық жасағаны анықталған күнінен бастап үш айдан және теріс қылық жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей тәртіптік жаза қолданылады. Қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған не қылмыстық іс тоқтатылған жағдайда, бірақ қызметкердің әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық әкімшілік құқық бұзушылық немесе тәртіптік теріс қылық белгілері болған жағдайда тәртіптік жаза қылмыстық іс қозғаудан бас тарту не оны қысқарту туралы шешім қабылданған күннен бастап үш айдан кешіктірмей қолданылуы мүмкін. Жаза қолданар алдында қатардағы және басшы құрамдағы адамнан түсініктеме алынуы тиіс. Қызметкердің түсініктеме беруден бас тартуы жаза қолдану үшін кедергі болып табылмайды. Мұндай бас тарту оған қатысқан куәгерлерді көрсете отырып, актімен ресімделеді. Кінәлі адамдарды анықтау, қызметкердің теріс қылық не өзге де құқық бұзушылық жасауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды айқындау мақсатында, әдетте, ішкі істер органы басшысының нұсқауы бойынша тағайындалатын қызметтік тексеріс жүргізіледі. Қызметтік тексерістер қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оның ішінде: Ішкі істер министрлігі басшылығының, комитеттердің, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ішкі істер департаменттерінің, Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы оқу орындары мен ұйымдардың нұсқауы (тапсырма-жоспар); ішкі істер органдары қызметкерлерінің баянаттары мен басқа құқық қорғау және сот органдары қызметкерлерінің хабарламалары негізінде жүргізіледі. Қызметке толық сай еместігі туралы ескерту, атқарып отырған лауазымынан босату және атқарып отырған лауазымынан алу түріндегі жазалар жүргізілген қызметтік тексерістің нәтижелері және тәртіптік комиссияның тиісті қорытындылары не ішкі істер органдарының қызметін тексеруді қарау қорытындылары бойынша Ішкі істер министрлігі алқасының немесе жедел кеңестің шешіміне сәйкес қолданылады. Ішкі істер министрлігінің алқасында немесе жедел кеңесте ішкі істер органдарының қызметін тексеру нәтижелері бойынша қызметкерлерді өзге де тәртіптік жауапқа тарту туралы шешім қабылдануы мүмкін.». 2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |