|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулыға 442-қосымшада: «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақтың кестесінде: реттік нөмірі 6-жолдың 5-бағаны «сатып алу» деген сөздердің алдынан «жылжымалы (стационарлық емес) техникалық қызмет көрсету шеберханасын» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |