|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 45 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 648-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында: Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында: 2 «Қорғаныс» функционалдық тобында: 01 «Әскери мұқтаждар» кіші функциясында: 208 «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша 006 «Қару-жарақ, әскери және өзге де техниканы, байланыс жүйелерін жаңғырту және сатып алу» деген бюджеттік бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын: «006 Қару-жарақ, әскери және өзге де техниканы, байланыс жүйелерін жаңғырту, қалпына келтіру және сатып алу»; 7 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында: 01 «Тұрғын үй шаруашылығы» кіші функциясында: 217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын: «049 «Ипотекалық кредиттерге кепілдік берудің қазақстандық қоры» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту 050 «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту 051 Тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ-ға кредит беру»; 11 «Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» функционалдық тобында: 02 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» кіші функциясында: 272 «Облыстың сәулет және қала құрылысы департаменті (басқармасы)» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын: «002 Елді мекендердегі құрылыстардың бас жоспарын әзірлеу»; шығыстардың экономикалық сыныптамасында: 1 «Ағымдағы шығындар» санатында: 1 «Тауарлар мен қызметтерге арналған шығындар» сыныбында: 110 «Жалақы» ішкі сыныбы мынадай мазмұндағы ерекшелігімен толықтырылсын: «115 Алқабилердің жалақысы»; 150 «Басқа да ағымдағы шығындар» ішкі сыныбы мынадай мазмұндағы ерекшелігімен толықтырылсын: «154 Алқабилердің ел ішіндегі іссапарлары». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |