«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 11 қазандағы № 1017 Қаулысы
Осы редакция 2007 жылғы 24 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде: «Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі» деген бөлiмде: «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық авиация қызметi жөніндегі комитетi» және «Әуе көлiгi» деген кiшi бөлiмдер мынадай редакцияда жазылсын:
реттiк нөмiрi 60-2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
2) "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 46, 582-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң Азаматтық авиация комитетi туралы ережеде: 10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: "сертификаттық талаптардан рұқсат етiлген уақытша ауытқуларды бекіту; Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн шетелдiк авиакомпанияларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн аккредиттеу;". 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
|