|
|
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Кеме
Осы редакция 2007 жылғы 6 желтоқсанға енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Кеме қатынасының тіркелімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) құрылсын. 2. Мекеме қызметінің мәні ішкі суларда жүзетін кемелердің, «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелердің техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және олардың сыныптамасына байланысты функциялар болып белгіленсін. 3. Мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен: 1) Мекеменің Жарғысын бекітсін және әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін: 1) "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 46, 582-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: «3. «Кеме қатынасының тіркелімі» мемлекеттік мекемесі.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті туралы ережеде: 10-тармақтың 1) тармақшасының он төртінші абзацындағы «жүргізу» деген сөз «жүргізуді қамтамасыз ету» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлері штат санының лимиттерінде: «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» деген 13-бөлімде «Көлік инфрақұрылымын дамыту комитеті» деген кіші бөлімнің алдынан мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Кеме қатынасының тіркелімі 22». 6. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасының теңіз көлігі мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 18 мамырдағы № 437 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., № 19, 317-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 сәуірдегі № 3928 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 9 шілдедегі № 651 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 22, 190-құжат). 7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |