«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 25 тамыздағы № 1236 және 2006 жылғы
Осы редакция 2007 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) «Мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандары мен оларды берудің тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 тамыздағы № 1236 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 42, 381-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандары мен оларды берудің тәртібінде: 1-тармақтағы «, куәліктеме» деген сөз алынып тасталсын; 2-тармақ алынып тасталсын; 16-тармақ «лицензиялары бар» деген сөздерден кейін «және мемлекеттік аттестаттаудан өткен» деген сөздермен толықтырылсын; 19-тармақтың төртінші абзацы алынып тасталсын; 2) «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын (сипаттамасы) және оларды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 175 қаулысында: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Осы қаулы 2006 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануға тиіс». 2. 2006 жылғы 15 сәуірден бастап «Мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандары мен оларды берудің тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 тамыздағы № 1236 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 42, 381-құжат) қолданылуы жаңғыртылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
|