|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 ақпандағы № 237 қаулысына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 860 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операция жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 ақпандағы № 237 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операция жасау ережесінде: 1-тармақта «жеткізулер» деген сөзден кейін «, сақтау» деген сөзбен толықтырылсын; 2-тармақта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) мемлекеттік материалдық резерв - жұмылдыру мұқтаждарына, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөніндегі бірінші кезектегі шараларды қабылдауға, ізгілік көмек көрсетуге және нарыққа реттеушілік ықпал етуге арналған материалдық құндылықтар қоры;»; 2) тармақша алынып тасталсын; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен операция жасау жоспары - мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жаңарту, қарызға беру және броньнан шығару мерзімін көрсете отырып, оларды жеткізуді, сақтауды және шығаруды регламенттейтін құжат (бұдан әрі - операция жасау жоспары).»; екінші абзацтағы «мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші және бесінші абзацтар алынып тасталсын; 8-тармақтағы «стандарттар, техникалық шарттар талаптарына сай болуы» деген сөздер «техникалық регламенттер сәйкес болу» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) тармақшадағы «уақытша» деген сөз алынып тасталсын; 3) тармақшадағы «және алмастыруға» деген сөздер алынып тасталсын; 4), 5) және 6) тармақшалар алынып тасталсын; екінші абзацтағы «және алмастыру» деген сөздер алынып тасталсын; үшінші абзацтағы «90 күнтізбелік күннен аспайтын уақыт алшақтығымен,» деген сөздер алынып тасталсын; 13-тармақтағы «, алмастыру» деген сөздер алынып тасталсын; 14-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын: «14-1. Материалдық құндылықтарды шығару броннан алу тәртібімен жүзеге асырылады: жұмылдыру мұқтаждары үшін; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөніндегі бірінші кезектегі шараларды қабылдау кезінде; ізгілік көмек көрсету кезінде; нарыққа реттеушілік ықпал етуді қолданған кезде; мемлекеттік резерв номенклатурасынан алып тасталған, сондай-ақ тұтынуға (қолдануға) жарамсыз материалдық құндылықтарды жою кезінде. Адамдардың денсаулығына, өміріне және қоршаған ортаға қауіп төндіретін, тұтынуға (қолдануға) жарамсыз материалдық құндылықтарды жою Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.»; 16-тармақтағы «Ұлттық Банк белгіленген» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын: «16-1. Материалдық құндылықтарды сақтау пунктінен немесе уәкілетті органның ведомстволық бағыныстағы ұйымының филиалынан шығару кезінде беру наряд негізінде жүзеге асырылады. Нарядтың нысаны мен беру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.»; 18-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «18. Материалдық құндылықтардың техникалық регламенттер талаптарына, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкестігін растау мақсатында мүдделі тұлғаларға уәкілетті органның шешімі бойынша жаңарту және броннан шығару тәртібімен шығаруға жататын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының үлгілері ақылы негізде берілуі мүмкін.»; 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «19. Мемлекеттік резервтен шығарылған материалдық құндылықтар үшін ақы төлеу жөніндегі берешекті өтеу ретінде алынған ақшалай және басқа да қаражат бюджетте есептелуге жатады.». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |