|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 маусымдағы № 557 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Құрылысты жобалық қамтамасыз ету және сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтер жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі кейбір мәселелер» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы № 557 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 22, 226-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Құрылысты жобалық қамтамасыз ету және сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік нормативтер жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында: «Құрылыс пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жобалаудың және оны нормативтік-техникалық қамтамасыз етудің заңнамалық базасын жетілдіру» деген 3-бөлімде: 6-бағанда: реттік нөмірі 14-жолдағы «422,48», «160,81» және «172,07*» деген сандар тиісінше «1070,02», «797,75» және «182,67» деген сандармен ауыстырылсын; реттік нөмірі 15-жолдағы «299,16» және «108,56*» деген сандар тиісінше «278,86» және «88,26» деген сандармен ауыстырылсын; реттік нөмірі 16-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «Талап етілмейді»; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 19-1-жолмен толықтырылсын:
реттік нөмірі 20-жолдағы «793,34», «286,03» және «305,85*» деген сандар тиісінше «1446,55», «922,97» және «322,12» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |