Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы
Осы редакция 2007 жылғы 28 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: 1) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде: реттiк нөмiрi 7-жолдағы 3-баған "мұнай мен газға арналған бұрғылау жұмыстары" деген сөздермен толықтырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Санитарлық, экологиялық және тау-кен техникалық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензиялық жұмыстар мен қызметтер түрлерiнiң тiзбесiнде: "Экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызмет түрлерiнiң тiзбесi" деген II бөлiм мынадай мазмұндағы 19-тармақпен толықтырылсын: "19. Мұнай мен газға арналған бұрғылау жұмыстары"; "Тау-кен техникалық қадағалау қорытындысы қажет, лицензияланатын жұмыстар мен қызмет түрлерiнiң тiзбесi" деген III бөлiм мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын: "8. Мұнай мен газға арналған бұрғылау жұмыстары"; 2) "Өнеркәсiп саласындағы қызметтiң лицензияланатын түрлерiне қойылатын біліктiлiк талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 10 мамырдағы № 556 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., № 18, 189-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Өнеркәсiп саласындағы қызметтiң лицензияланатын түрлерiне қойылатын біліктiлiк талаптарында: мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "мұнай мен газға арналған бұрғылау жұмыстары"; мынадай мазмұндағы тараумен толықтырылсын: "Мұнай мен газға арналған бұрғылау жұмыстарын жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге қойылатын біліктiлiк талаптары Бiлiктiлiк талаптары: 1) жер қойнауын қорғау қауiпсiздiк техникасы мен еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк талаптарға сәйкес келетiн техникалық жобалар мен технологиялық регламенттердiң; 2) Қазақстан Республикасының аумағындағы өндiрiстiк-техникалық базаның: регламенттерге, нормативтерге, қауiпсiздiк ережелерiне сәйкес келетiн мамандандырылған өндiрiстiк ғимараттың, машиналардың, агрегаттардың, бұрғылау қондырғыларының, механизмдердiң, жабдықтардың және бақылау-өлшеу аспаптарының; 3) скважиналарды бұрғылау кезiнде пайдаланылатын жарылыс-өрт қауiпі бар, күштi әсер ететiн улы заттар мен өртке қарсы материалдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың; 4) бұрғылау қондырғыларын, агрегаттарды, жабдықтарды, механизмдердi, құралдар мен жарақтарды пайдалануды және оларға техникалық күтiм жасауды; еңбек қауiпсiздiгiн және қоршаған ортаны қорғауды бақылауды; метрологиялық қамтамасыз етудi қамтамасыз ететiн қызметтердiң; 5) тау-кен техникалық және экологиялық қадағалау органдарының өтiнiш берушiнiң техника қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау ережелерiнiң талаптарына, экологиялық нормаларына сәйкестiгiн растайтын қорытындыларының; 6) мұнайгаз фонтандары мен атқылауларының алдын алу және жою жөніндегі ұйымдастыру жоспарының, сондай-ақ белгiленген тәртiппен бекітілген мұнай мен газға арналған бұрғылау жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу жөніндегі нұсқаулықтардың; 7) оларды пайдаланған жағдайда, шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсатының; 8) тиiстi білім деңгейiне жауап беретiн және мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжiрибесi бар техникалық басшылардың, техникалық пайдалану ережелерi мен қауiпсiздiк ережелерiн бiлетiндiгiне біліктілік тексеруден өткен мамандардың білікті құрамының болуын қамтиды.". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
|