“Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 және
Осы редакция 2007 жылғы 28 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат): Лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне, лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде: 3-бағанда: реттiк нөмiрi 5-жолдың екiншi абзацындағы "пайдалану" деген сөз "жобалау (технологиялық) және пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын; реттiк нөмiрі 6-жолдың бiрiншi абзацы "жобалау" деген сөзден кейiн "(құрылысқа арналған жобалау жұмыстары)" деген сөздермен толықтырылсын; 2) "Өнеркәсiп саласындағы қызметтiң лицензияланатын түрлерiне қойылатын біліктiлiк талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 10 мамырдағы № 556 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 18, 189-құжат): кірiспедегi "Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 Жарлығын" деген сөздер "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңын" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтағы "Энергетика, индустрия және сауда" деген сөздер "Энергетика және минералдық ресурстар" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Өнеркәсiп саласындағы қызметтiң лицензияланатын түрлерiне қойылатын біліктiлiк талаптарында: үшiншi абзацтағы "пайдалану" деген сөз "жобалау және пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекiтілген Өнеркәсiптiк жарылыс-өрт қаупi бар және тау-кен өндiрiсін, гидротехникалық құрылыстарды, арналы газ-мұнай өнiмдерi құбырларын, көтергiш құрылғыларды, сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтiн қазандарды, ыдыстарды және құбыр желiлерiн пайдалануды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге қойылатын біліктiлiк талаптарында: тақырыпта: "құбыр желiлерiн" деген сөздерден кейін "жобалауды және" деген сөздермен толықтырылсын; "жарылыс-өрт қаупі бар", "газ-мұнай өнiмдерi құбырларын" деген сөздер "жарылыс, өрт қаупi бар" және "газ, мұнай өнiмдерi құбырларын" деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақта: 2) тармақша ", сондай-ақ жобалау жұмыстарын орындау кезiнде конструкторлық-технологиялық құжаттаманы әзiрлеу, есептеулердi, сызуларды, сметаларды орындау үшiн ұйымдастыру техникасы мен электрондық техниканың, бағдарламалық қамтамасыз етудiң;" деген сөздермен толықтырылсын; 3) тармақша ", сондай-ақ орындалған жобалық құжаттаманың" деген сөздермен толықтырылсын; 4) тармақшаның үшiншi абзацы "(жобалау кезiнде талап етілмейді)" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: "4-1) жобаның сапасын бақылау жүйесiнің (жобалау кезiнде);"; 5) тармақша "экологиялық" деген сөзден кейiн "(көтергiш құрылғыларды жобалау және пайдалану кезiнде талап етілмейді)" деген сөздермен толықтырылсын; 6) тармақша ", сондай-ақ тиiстi қызмет саласында жобалау жөніндегі нормативтiк құқықтық базаның, нормативтік-техникалық, анықтамалық, әдiстемелiк әдебиеттiң;" деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|