Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Осы редакция 2008 жылғы 11 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсiн: 1) "Мемлекеттік саяси қызметшiлердiң лауазымдарының тiзiлiмi мен Мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптiк жазалар қолдану тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 317 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 559-құжат; 2002 ж., № 18, 196-құжат; № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 20, 201-құжат; 2004 ж., № 19, 234-құжат; № 21, 265-құжат): аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшiлер лауазымдарының тізілімінде: "Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының бiрiншi орынбасары мен орынбасарлары - басқарма бастықтары" деген жолдағы "- басқарма бастықтары" деген сөздер алып тасталсын; "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшілiгiнiң бөлiм меңгерушiлерi және өзге де құрылымдық бөлімшелерінің жетекшiлерi" деген жолдар ", олардың бiрiншi орынбасарлары және орынбасарлары" деген сөздермен толықтырылсын; 2) "Қазақстан Республикасы Президентiнің Әкімшiлігі туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2002 жылғы 11 ақпандағы № 805 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., № 6, 40-құжат; 2003 ж., № 20, 201-құжат; 2004 ж., № 19, 235-құжат): аталған Жарлықпен бекiтілген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшілiгі туралы ереженiң 27-тармағындағы "бөлiмдер мен басқармалар құрамындағы өзге бөлiмшелерден және" деген сөздер алып тасталсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|