|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 415 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 415 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға қосымшада: Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін: Жүкенов Жұмажан Қамкенұлы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы, төрағаның орынбасары; Саймасаева Гаухар Айтжанқызы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балалардың құқықтарын қорғау басқармасының бастығы, хатшы; Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі; Өскенбаев Қайырбек Айтбайұлы - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі; Дүйсекеев Айдын Мали-Задеұлы - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары; Жандаева Дана Шайханқызы - Халықаралық еңбек ұйымының үйлестірушісі (келісім бойынша); көрсетілген құрамнан Сыздықова Бақыт Ахметқызы, Әйтекенов Қайрат Медібайұлы, Ан София Павловна, Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы, Сәдібеков Бақытжан Мәлікұлы шығарылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |