|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысына өзгеріс пен толыктырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 683 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: 1) 1-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесі мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 51. «Қазагрэкс» акционерлік қоғамы 100%»; 3) көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) бәсекелі ортаға берілуі тиіс акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы 20-1, 20-2-жолдармен толықтырылсын: «20-1. «Тың машина сынау станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100%; 20-2. «Сынаушы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 51%». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |