|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 560 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
көрсетілген құрамнан мыналар шығарылсын: Коржова Наталья Артемовна, Исақов Нұржан Әзімханұлы, Баталов Асқар Болатұлы, Өскімбаев Қожамұрат Бейісұлы, Кәрібозов Қозы-Көрпеш Жапарханұлы, Қанатов Сәбит Сарқытұлы, Сағындықов Самат Алпысұлы, Шәріпов Талғат Қайыркенұлы, Квятковский Эдуард Олегович; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде: 3-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының,» және «және республикалық бюджеттен берілген несиелер мен мемлекет кепілдік берген қарыздарға қызмет көрсететін екінші деңгейдегі банктердің» деген сөздер алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |