|
|
|
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 716 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2012.14.05. № 610 Қаулысымен ереже алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2012.14.05. № 610 Қаулысымен біліктілік талаптары жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 наурыздағы № 270 қаулысымен бекітілген
Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын
Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары өтініш берушіде: 1) қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған лицензиясының; 2) тиісті білімі және мәлімделген жұмыс бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттер мен қағидалардың талаптарына сәйкес (өтініш берушінің бұйрығымен) мәлімделген жұмысты жүзеге асыруға жіберілген техникалық басшылардың, мамандардың білікті құрамының; 3) өтініш беруші бекіткен жұмыстың негізгі әдістерін, операцияларды орындаудың дәйекті тәртібін, жұмыстың шегі мен шарттарын айқындайтын мәлімделген жұмыстарды орындау регламентінің; 4) ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттер мен қағидалардың талаптарына сәйкес өтініш беруші бекіткен тасымалдауды жүзеге асыру кезіндегі радиациялық қорғау бағдарламасының; 5) радиациялық қауіпсіздік жөніндегі және төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы техникалық регламенттер мен қағидалардың талаптарына сәйкес өтініш беруші бекіткен радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтардың, ықтимал авариялардың алдын алу және жою жөніндегі нұсқаулықтар мен жоспарлардың; 6) ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды есепке алу және бақылау жүйесінің (өтініш беруші бекіткен есепке алу және бақылау жөніндегі нұсқаулықтар, қабылдау-беру актілері, беру, есепке алу және сақтау журналдары); 7) персоналдың сәулелену дозасын өлшеу және есептеу жүйесінің (үй-жайларының, аспаптар мен құралдарының, өлшеу әдістемесінің) немесе персоналға жеке дозиметрлік бақылауды жүргізу құқығына лицензиясы бар заңды немесе жеке тұлғамен шарттың; 8) радиациялық қауіпсіздік және жұмыс орнында радиациялық бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің (қызмет туралы бұйрық пен ереже, радиациялық бақылау жүргізу кестесі, өлшеу құралдары); 9) тасымалдау кезеңінде ядролық материалдарды, иондаушы сәуле шығару көздерін, радиоактивті қалдықтар мен радиоактивті заттарды физикалық қорғауды қамтамасыз ету жүйесінің; 10) ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттер мен қағидалардың талаптарына сәйкес тасымалдау кезеңінде авариялық жинағының және аварияны жою құралдарының; 11) ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттер мен қағидалардың талаптарына сәйкес мәлімделген қызметті жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасының; 12) көлікке арналған санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының; 13) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органның ерекше түрдегі радиоактивті материалдың буып-түйетін жинағының конструкциясын бекіткені туралы құжаттың; 14) қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шарттың; 15) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объекті иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шарттың; 16) міндетті экологиялық сақтандыру шартының болуын қамтиды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |