Жезқазған облысының Приозерск қаласына мемлекеттік қолдау көрсету
Осы редакция 2008 жылғы 23 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Шағын және орташа қалаларды қолдау бағдарламасын жүзеге асыру шеңберiнде, сондай-ақ 1996-1997 жылдардың күзгi-қысқы кезеңiне дайындық жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Жезқазған облысының әкіміне Қазақстан Республикасы Үкіметінiң төтенше жағдайларда қаржыландыруға арналған резервтiк қорынан Приозерск қаласын қысқа дайындау үшiн қосымша 150 (жүз елу) млн. теңге бөлiнсiн. 2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1996 жылғы 10 маусымдағы № 271 өкімі; Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1996 жылғы 13 тамыздағы № 383 өкімі. 3. "1996 жылы жаңа тұрғын үй саясатын жүзеге асыруға көзделген республикалық бюджеттiң қаражатын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 наурыздағы № 344 қаулысына берiлген 4-қосымшаға мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: "Күрделi қаржы көлемi" бағанында: "Сорбұлақ каналының авариялық төгу (қосу кешенi), Алматы облысы" деген жолдағы "175 000" саны "125000" санымен ауыстырылсын; "Өскемен қаласындағы қалдық суларды биологиялық тазарту ғимаратын кеңейту (қосу кешенi)" деген жолдағы "177 000" саны "127 000" санымен ауыстырылсын; қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Жезқазған облысының әкімі Приозерск қаласының коммуналдық шаруашылық объектiлерi объектiлерi - 1996 ж. 100 000" 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң жанындағы Қаржы - бақылау комитетi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдалануына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi |