«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу
Осы редакция 2008 жылғы 15 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын. 2. Мекеме қызметінің негізгі мәні Қазақстандағы діни ахуалдың даму үдерістерін зерттеу мен талдауды ұйымдастыру, мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтардың мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласындағы қызметін ақпараттық-талдамалық және ғылыми-әдіснамалық қамтамасыз ету, дінтану сараптамасын жүргізу болып белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) мекеменің жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Мекемені қаржыландыру тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-жолмен толықтырылсын: «7. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» мемлекеттік мекемесі»; 2) «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлері штат санының лимиттерінде: «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» деген 11-бөлімде: мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы 30». 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|