ҚР Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 тамыздағы № 381 Жарлығымен Бекітілген
Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының
1. Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады және Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын (бұдан әрі - Мемлекеттік сыйлық) алуға ұсынылатын жұмыстарды қарау және іріктеу мақсатында құрылады. 2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы ережені басшылыққа алады. 3. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Комиссияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы басқарады. 4. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі болып табылады. Жұмыс органы Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарға сараптамалық-талдамалық бағалау жүргізу үшін ғылым бағыттары бойынша секциялар құрады.
2. Комиссия қызметінің тәртібі және оны ұйымдастыру
5. Комиссияның төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы ережеге сәйкес оның жұмысын ұйымдастырады және Комиссия мүшелерінің қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді. 6. Комиссияның төрағасы болмаған жағдайда оның функцияларын төрағаның орынбасары жүзеге асырады. 7. Комиссияның хатшысы жұмыс органы дайындаған құжаттар мен материалдарды Комиссияның қарауына ұсынады. 8. Комиссияның отырыстары оның төраға бекітетін жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі. Жоспардан тыс отырыстар Комиссия төрағасының шешімі бойынша қажеттілігіне қарай өткізіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|