|
|
|
Геофизикалық зерттеулер жүргізу туралы
ҚР Үкіметінің 2008.04.05. № 406 Қаулысымен күші жойылды
Каспий теңізі айлағында мұнай мен газ қорының келешегін бағамдау бағдарламасын іс жүзінде жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті қаулы етеді: 1. Каспий теңізінің қорық аймағында айрықша экологиялық жағдайларды ескеріп, көмір сутегі шикізатына геофизикалық зерттеулер, геологиялық барлау жүргізуге және өндіруге рұқсат етілсін. 2. «Қазақстанкаспийшельф» мемлекеттік компаниясы Каспий теңізінің Қазақстан жағын игеру аймағында геофизикалық жұмыстармен бірге инженерлік-экологиялық зерттеулер жүргізсін және бұл деректерді айналадағы ортаға ықпал жасалуын бағамдау үшін пайдалансын. 3. Қазақ ССР Министрлер Советінің "Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде қорық аймағын жариялау туралы" 1974 жылғы 30 сәуірдегі № 252 қаулысымен (Қазақ ССР ҚЖ, 1974 ж., № 10, 43-бап) бекітілген Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі қорық аймағы туралы Ереженің 5-тармағы мынадай мазмұндағы «д» тармақшасымен толықтырылсын: «д) айрықша экологиялық жағдайлар ескеріліп, көмір сутегі шикізатына геофизикалық зерттеулер, геологиялық барлау жүргізуге және өндіруге».
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |