|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 8, 71-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесінде: 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Аэронавигация саласында: әуе кеңістігіндегі әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету; әуеайлақ маңындағы әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету.»; 9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) әуежайлардың қызметтері: әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету; авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; қону әуежайында өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктер (почталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін 3 сағаттан және жүк тасымалдайтын және жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған үлгілері үшін 6 сағаттан астам тұрақ орнын беру; әуе кемесіне базалық әуеайлақта тұрақ орнын беру; жолаушыларды тіркеуге арналған жұмыс орнын (алаңын) беру.». 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |