|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 наурыздағы № 217 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 682 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізуінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 наурыздағы № 217 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 12, 121-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден аумағына оңайлатылған тәртіппен әкелетін тауарларға жиынтық кедендік төлемде: бірінші абзацтағы «17» деген сандар «13» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |