|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне 2008 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 1-тармақта: 3) тармақшада «12» деген сандар алынып тасталсын; 8) тармақшада «51» деген сандар алынып тасталсын; 12) тармақшада «144» деген сандар алынып тасталсын; 13) тармақшада «163» деген сандардан кейін «, 163-1» деген сандармен толықтырылсын; 14) тармақшада: «176» деген сандар алынып тасталсын; «180» деген сандардан кейін «, 180-1» деген сандармен толықтырылсын; 18) тармақшада: «261» деген сандардан кейін «, 261-1» деген сандармен толықтырылсын; «262» деген сандардан кейін «, 262-1, 262-2» деген сандармен толықтырылсын; 19) тармақшада: «281» деген сандардан кейін «, 281-1» деген сандармен толықтырылсын; «288» деген сандардан кейін «, 288-1, 288-2, 288-3» деген сандармен толықтырылсын; 20) тармақшада: «309» деген сандардан кейін «, 309-1» деген сандармен толықтырылсын; «314» деген сандардан кейін «, 314-1, 314-2, 314-3, 314-4, 314-5» деген сандармен толықтырылсын; 21) тармақшада: «327» деген сандардан кейін «, 327-1» деген сандармен толықтырылсын; «330, 333, 338» деген сандар алынып тасталсын; «338» деген сандардан кейін «, 338-1, 338-2, 338-3» деген сандармен толықтырылсын; 27) тармақшада «363» деген сандардан кейін «, 363-1» деген сандармен толықтырылсын; 2) Қазақстан Республикасының Парламенті Шаруашылық басқармасы бойынша: көрсетілген қаулыға 5-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 10250833 мың теңге (он миллиард екі жүз елу миллион сегіз жүз отыз үш мың теңге).»; 3) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі бойынша: көрсетілген қаулыға 11-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 1650000 мың теңге (бір миллиард алты жүз елу миллион теңге).»; 7-тармақта: «Қаржы-экономикалық нәтижесінде»: «1000000» деген сандар «1650000» деген сандармен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға 12-қосымша алынып тасталсын; 4) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бойынша: көрсетілген қаулыға 14-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 53225813 мың теңге (елу үш миллиард екі жүз жиырма бес миллион сегіз жүз он үш мың теңге).»; «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы реттік нөмірі 7-жолдағы «Техникалық құжаттаманы әзірлеу» деген сөздер алынып тасталсын; 7-тармақта: «Тікелей нәтижеде»: «271» деген сандар «151» деген сандармен ауыстырылсын; «203» деген сандар «89» деген сандармен ауыстырылсын; «Қаржы-экономикалық нәтижеде» «194505» деген сандар «127230» деген сандармен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға 17-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 129767 мың теңге (бір жүз жиырма тоғыз миллион жеті жүз алпыс жеті мың теңге).»; көрсетілген қаулыға 19-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 408689 мың теңге (төрт жүз сегіз миллион алты жүз сексен тоғыз мың теңге).»; «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінде: 5-бағанда: «- Астана қаласының Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Дипломатиялық өкілеттіктерді күзету жөніндегі полиция Полкін орналастыру үшін ғимараттар мен құрылыстар кешенін салу» деген сөздер алынып тасталсын; «- «Рубеж-Наркотики» ірі көлемдегі жүк таситын автокөліктерді тексеру ангарын салу, сондай-ақ мемлекеттік сараптама жүргізе отырып, жобалау-сметалық құжаттамада бар түзетулер жүргізу.» деген сөздер» «Рубеж-Наркотики» ірі көлемдегі жүк таситын автокөліктерді тексеру ангарын салу бойынша мемлекеттік сараптама жүргізе отырып, қолда бар жобалау-сметалық құжаттаманы түзету.» деген сөздермен ауыстырылсын; «- жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу, Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5, Жем кентіндегі КА-168/5, Степной кентіндегі ЕЦ-166/26, Ленгер қаласындағы ИЧ-167/9, Тараз қаласындағы ЖД-158/7 түзету мекемелерін күзету жөніндегі ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін орналастыру үшін объектілердің мемлекеттік сараптамасын және құрылысын жүргізу» деген сөздер «жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу мен Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5, Жем кентіндегі КА-168/5, Степной кентіндегі ЕЦ-166/26, Ленгер қаласындағы ИЧ-167/9, Тараз қаласындағы ЖД-158/7 түзету мекемелерін күзету жөніндегі ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін орналастыру үшін объектілердің жобалау сметалық құжаттамасын әзірлеу және мемлекеттік сараптамасын жүргізу» деген сөздермен ауыстырылсын; 7-бағандағы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің» деген сөздер алынып тасталсын; 7-тармақтағы «Тікелей нәтижеде»: «Астана қаласының Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Дипломатиялық өкілеттіктерді күзету жөніндегі полиция Полкін орналастыру үшін ғимараттар мен құрылысы» деген сөздер алынып тасталсын; «Рубеж-наркотики» ірі көлемдегі жүк таситын автокөліктерді тексеру ангарының құрылысын аяқтау және пайдалануға беру» деген сөздер «Рубеж-наркотики» ірі көлемдегі жүк таситын автокөліктерді тексеру ангарын салу жөніндегі мемлекеттік сараптамадан өткен түзетілген жобалау-сметалық құжаттама» деген сөздермен ауыстырылсын; «жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу, Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5, Жем кентіндегі КА-168/5, Степной кентіндегі ЕЦ-166/26, Ленгер қаласындағы ИЧ-167/9, Тараз қаласындағы ЖД-158/7 түзету мекемелерін күзету жөніндегі ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін орналастыру үшін объектілердің мемлекеттік сараптамадан өткен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамасы және құрылысы» деген сөздер «Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5, Жем кентіндегі КА-168/5, Степной кентіндегі ЕЦ-166/26, Ленгер қаласындағы ИЧ-167/9, Тараз қаласындағы ЖД-158/7 түзету мекемелерін күзету жөніндегі ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін орналастыру үшін объектілер салу жөніндегі мемлекеттік сараптамадан өткен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға 23-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 2508719 мың теңге (екі миллиард бес жүз сегіз миллион жеті жүз он тоғыз мың теңге).»; 7-тармақта: «Тікелей нәтижедегі» «230» деген сандар «176» деген сандармен ауыстырылсын; «Қаржылық-экономикалық нәтижедегі» «695,2» деген сандар «1025,7» деген сандармен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға 24-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 171138 мың теңге (бір жүз жетпіс бір миллион бір жүз отыз сегіз мың теңге).»; көрсетілген қаулыға 29-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 53500 мың теңге (елу үш миллион бес жүз мың теңге).»; «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы «; - Астана қаласында Қабанбай батыр даңғылы бойынан ауысымына 250 адам қабылдайтын емхана мен 200 орындық госпиталінің құрылысы» деген сөздер алынып тасталсын; 7-тармақтағы «Тікелей нәтижеде» «Астана қаласында Қабанбай-батыр даңғылы бойынан ауысымына 250 адам қабылдайтын емхана мен 200 орындық госпиталінің мемлекеттік сараптамадан өткен түзетілген бекітілген жобалау-сметалық құжаттамасы, сондай-ақ құрылысы» деген сөздер «мемлекеттік сараптамадан өткен, түзетілген, бекітілген жобалау-сметалық құжаттама» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға 30-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 165556 мың теңге (бір жүз алпыс бес миллион бес жүз елу алты мың теңге).»; 5) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі бойынша: көрсетілген қаулыға 33-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 5154549 мың теңге (бес миллиард бір жүз елу төрт миллион бес жүз қырық тоғыз мың теңге).»; көрсетілген қаулыға 34-қосымшада: «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесіндегі реттік нөмірі 6-жолдың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) 7 бірлік - құрылыс техникасын және автокөлік құралдарын, оның ішінде: шынжыр табанды экскаватор - 1 бірлік, гидрометеорологиялық аспаптар сатып алу». «Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою мемлекеттік жүйесін дамыту бағдарламасы» іс-шаралар жоспарының 3.1-т іске асыру үшін КамАЗ (самосвал) - 5 бірлік, тұратын вагон - 14 бірлік, цемент тасығыш - 1 бірлік, ершікті тартқыш - 1 бірлік, жартылай тіркеуіш - 1 бірлік, бульдозер - 1 бірлік, жедел қызметтік автомобиль - 8 бірлік, байланыс құралдары, ұйымдастыру техникасы және жабдық сатып алу.»; көрсетілген қаулыға 35-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 1820028 мың теңге (бір миллиард сегіз жүз жиырма миллион жиырма сегіз мың теңге).»; «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінде: 5-бағанның 2) тармақшасы алынып тасталсын; 7-бағандағы «Көкшетау техникалық институты ММ» деген сөздер алынып тасталсын; 7-тармақта: «Тікелей нәтижеде» «бекітілген, мемлекеттік сараптаудан өткен жобалау-сметалық құжаттары, 2900 бірлікке арналған ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институты оқыту кешенінің құрылысы бойынша орындалған жұмыстардың көлемі.» деген сөздер алынып тасталсын; «Түпкілікті нәтижеде» «, сондай-ақ оқу процесін жүргізу бойынша тиісті жағдайларды қамтамасыз ету үшін ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институты оқу кешенін» деген сөздер алынып тасталсын; 6) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі бойынша: көрсетілген қаулыға 41-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 1304203 мың теңге (бір миллиард үш жүз төрт миллион екі жүз үш мың теңге).»; 7) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі бойынша: көрсетілген қаулыға 42-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 14481111 мың теңге (он төрт миллиард төрт жүз сексен бір миллион бір жүз он бір мың теңге).»; көрсетілген қаулыға 43-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 1527422 мың теңге (бір миллиард бес жүз жиырма жеті миллион төрт жүз жиырма екі мың теңге).»; көрсетілген қаулыға 46-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 1496526 мың теңге (бір миллиард төрт жүз тоқсан алты миллион бес жүз жиырма алты мың теңге).»; «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны «6. ДДҰ Алматы декларациясына арналған мерейтойлық 30 сессиясын өткізу» деген 6-тармақпен толықтырылсын; көрсетілген қаулыға 48-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 2007687 мың теңге (екі миллиард жеті миллион алты жүз сексен жеті мың теңге).»; «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында: «Ресей Федерациясында (Мәскеу қаласы) Қазақстан Республикасының Елшілігі мен мәдени орталығын орналастыру үшін әкімшілік кешені құрылыс жұмыстарын жалғастыру» деген сөздер «Ресей Федерациясында (Мәскеу қаласы) Қазақстан Республикасының Елшілігі мен мәдени орталығын орналастыру үшін әкімшілік кешен құрылысына жер учаскесін ресімдеу және жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу» деген сөздермен ауыстырылсын; «- АҚШ (Нью-Йорк қаласы) БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілдігі резиденциясы сатып алу;» деген сөздер алынып тасталсын; 7-тармақтағы «Тікелей нәтижеде» «, Нью-Йорк (АҚШ)» деген сөздер алынып тасталсын; «Мәскеу (РФ) және Киев (Украина) қалаларында» деген сөздер «Киев (Украина) қаласында» деген сөздермен ауыстырылсын; «Өзбекстан Республикасында (Ташкент қаласында)» деген сөздерден кейін «және Ресей Федерациясында (Мәскеу қаласында)» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген қаулыға 51-қосымша алынып тасталсын; 8) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі бойынша: көрсетілген қаулыға 52-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 426222 мың теңге (төрт жүз жиырма алты миллион екі жүз жиырма екі мың теңге).»; 7-тармақтағы «Қаржылық-экономикалық нәтижеде» «2429,8» деген сандар «2445,2» деген сандармен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға 55-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 14869565 мың теңге (он төрт миллиард сегіз жүз алпыс тоғыз миллион бес жүз алпыс бес мың теңге).»; «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны «Астана қаласында кеп функционалдық Олимпиадалық даярлау орталығын салудың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және оны салу.» деген сөздермен толықтырылсын; 7-тармақтың «Тікелей нәтижесі» «Астана қаласында көп функционалдық Олимпиадалық даярлау орталығын салудың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және оны салу.» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген қаулыға 59-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 5033487 мың теңге (бес миллиард отыз үш миллион төрт жүз сексен жеті мың теңге).»; көрсетілген қаулыға 60-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 401269 мың теңге (төрт жүз бір миллион екі жүз алпыс тоғыз мың теңге).»; 9) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі бойынша: көрсетілген қаулыға 64-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 326159 мың теңге (үш жүз жиырма алты миллион бір жүз елу тоғыз мың теңге).»; көрсетілген қаулыға 69-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 19183699 мың теңге (он тоғыз миллиард бір жүз сексен үш миллион алты жүз тоқсан тоғыз мың теңге).»; көрсетілген қаулыға 72-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 1392527 мың теңге (бір миллиард үш жүз тоқсан екі миллион бес жүз жиырма жеті мың теңге).»; 7-тармақтағы «Қаржылық-экономикалық нәтижеде» «көркем фильмді шығарудың орташа құны 84 400 мың теңге» деген сөздер «көркем фильмді шығарудың орташа құны 99470 мың теңге» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға 80-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 2045610 мың теңге (екі миллиард қырық бес миллион алты жүз он мың теңге).»; «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны «, Әкімшілік ғимаратын салуды аяқтау үшін «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ-ның жарғылық қорын ұлғайту» деген сөздермен толықтырылсын; 7-тармақта: «Тікелей нәтиже» «сатып алынады» деген сөздерден кейін «, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ әкімшілік ғимаратын салуды аяқтау»; «Қорытынды нәтижедегі» «АҚ мен «Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның» деген сөздер «АҚ-ның, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның және «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ-ның» деген сөздермен ауыстырылсын; «Сапасындағы» «АҚ мен «Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның» деген сөздер «АҚ-ның, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның және «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ-ның» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға 84-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 16467456 мың теңге (он алты миллиард төрт жүз алпыс жеті миллион төрт жүз елу алты мың теңге).»; 10) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі бойынша: көрсетілген қаулыға 88-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 65333247 мың теңге (алпыс бес миллиард үш жүз отыз үш миллион екі жүз қырық жеті мың теңге).»; көрсетілген қаулыға 90-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 1399700 мың теңге (бір миллиард үш жүз тоқсан тоғыз миллион жеті жүз мың теңге).»; «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы 8-тармақ алынып тасталсын: көрсетілген қаулыға 91-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 9020028 мың теңге (тоғыз миллиард жиырма миллион жиырма сегіз мың теңге).»; көрсетілген қаулыға 93-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 39717901 мың теңге (отыз тоғыз миллиард жеті жүз он жеті миллион тоғыз жүз бір мың теңге).»; «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында: 1-тармақта: «инженерлік қару-жарақ құралдарын; химиялық әскерлердің қару-жарағы мен қорғану құралдарын;» деген сөздер алынып тасталсын; «арнайы мақсаттағы автомобильдерді; оқу-жаттығу құралдарының полигондық жабдықтарын; дизель электр станцияларын, жылжымалы дәнекерлеу және компрессор қондырғыларын; өтімділігі жоғары техниканы; полигондық және басқа да құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарына қажетті жылжымалы шеберхананы;» деген сөздер алынып тасталсын; «зымырандарды дайындау позицияларын,» деген сөздер алынып тасталсын; «әуе-десанттық мүлікті;» деген сөздер алынып тасталсын; «әскери-теңіз қару-жарағы мен техникасын;» деген сөздер алынып тасталсын; «инженерлік техниканы; өлшеу техникасын; тыл техникасын;» деген сөздер алынып тасталсын; «барлау құралдарын;» деген сөздер алынып тасталсын; «телекоммуникациялық жабдықтар мен аспаптарды;» деген сөздер алынып тасталсын; «арнайы жабдықтарды (броньды кеудеше, дулыға, тау жабдықтары, десанттық жабдық-тұрман, ұшқыштың қорғану және биіктік жабдықтары, ұшу-техникалық жабдықтары және киім-кешек, әскери-теңіз күштеріне арналған жабдықтар);» деген сөздер алынып тасталсын; «ұшақтарды; спутниктік навигация қабылдағыштарын; зымырандарды дайындаудың техникалық позициясын;» деген сөздер алынып тасталсын; «объектілердің күзеті мен қауіпсіздік жүйесінің техникалық құралдарын; әуеайлақ кондиционерлерін;» деген сөздер алынып тасталсын; «биіктік өлшеуіштерді; бірдейлендірілген мотор қыздырғыштарын; энергиямен қамтамасыз ету құралдарын;» деген сөздер алынып тасталсын; «радиолокациялық қону жүйесін; қону радиомаяк тобын; жақын навигацияның радиотехникалық жүйесін;» деген сөздер алынып тасталсын; «прожекторлық станцияларды; авиациялық белгілеу тоқ байланыстары станциясын; әуеайлақ-пайдалану техникасын; метеорологиялық жабдықтарды;» деген сөздер алынып тасталсын; «түнгі және күндізгі оптикалық құралдарды; көздеу-оптикалық құралдарды; 30 мм автомат пушкаларын;» деген сөздер алынып тасталсын; «әуе-десанттық кешен снарядтарын; бақылау-тексеру машиналарын; әмбебап әскери модульдерді» деген сөздер алынып тасталсын; «КамАЗ базасындағы техникалық көмек машиналарын (ТКМ); тактикалық жеке су қоймаларын; көздеу-оптикалық кешендерін; электронды-оптикалық кешендерді; түнде көру құралдарын; коллиматорлық және оптикалық көздеуіштерді; қашықтық өлшеуіштерді, әртүрлі мақсаттағы лазерлі нысана дәлдеуіштерді, тактикалық шамдар мен басқа да көмекші жабдықтарды; барлау аспаптарын; күндізгі және түнгі бақылау құралдарын, оларға навигацияларды; автокрандарды;» деген сөздер алынып тасталсын; «арнайы байланыс техникасын; диагностикалық кешенмен бес жиынтыққа ҚАС топтық жиынтығын; ғарыш суреттерін айырып оқу үшін антенналық-фидерлік жүйелерді, қабылдау тракторын және бағдарламалық қамтамасыз етулерді; есту арқылы қабылдаудың автоматтандырылған постыларын; параболалық антенналық-фидерлік жүйелерді; жылжымалы РТР станцияларын;» деген сөздер алынып тасталсын; «әскери стандарттың ұтқыр байланыс жиынтықтарын; әр түрлі модификациядағы әскери стандарт радиостанцияларын; радиостанцияларды; байланыс станцияларын; коммутаторларды; әскери стандарттың радиоқабылдау қондырғыларын; ұтқыр спутниктер терминалдарын; әскери мақсаттағы коммутаторларды; сандық АТС-терді; аспаптарды тексеретін қондырғыларды; арнайы жарақтануларды;» деген сөздер алынып тасталсын; «оперативті-тактикалық ракеталар; бригадалық оқу орталығы;» деген сөздер алынып тасталсын; «шифрланған аппаратураларды;» деген сөздер алынып тасталсын; «спутниктік байланыстың құралдарының стационарлық жиынтығын; спутниктік байланыс құралдарының ұтқыр кешендерін; әртүрлі модификациядағы спутниктік, телеграфтық, телефондық, тропосфералық, радиорелейлік байланыс құралдарын; арнайы байланыс техникаларын; тактикалық жиынтықтарды;» деген сөздер алынып тасталсын; 2-тармақта: «автомобиль техникасын;» деген сөздер алынып тасталсын; «6П20 (6П21), 6П6М (6ПЗ), 6Ш8, 56-А-125 өнімдерін;» деген сөздер алынып тасталсын; «Балобан» нысанаға арналған зениттік басқару зымырандарын» деген сөздер алынып тасталсын; «танкіге қарсы зымыран кешендерін;» деген сөздер алынып тасталсын; «көшірмелі зениттік-зымырандық кешенді; «Шилка» ЗСУ;» деген сөздер алынып тасталсын; «СНАР-10 артиллериялық жер үсті барлау станцияларын;» деген сөздер алынып тасталсын; 3-тармақта: «әуе-десанттық техниканы;» деген сөздер алынып тасталсын; «байланыс пен автоматтандырылған басқару жүйесінің техникасын, мүлкін; әртүрлі модификациядағы сымдық, радиорелейлік, тропосфералық, радио және спутниктік, транкингтік байланыстың кешені мен жүйесін; хабарламаларды шифрлау және коммутациялау құралдарын; телеграфтық және телефон байланысының жүйесін;» деген сөздер алынып тасталсын; «инженерлік техника; өлшеу техникасы; тыл техникасы; барлау құралдары;» деген сөздер алынып тасталсын; «телекоммуникациялық жабдықтарды және аспаптарды;» деген сөздер алынып тасталсын; 5-тармақта: «атыс қаруын;» деген сөздер алынып тасталсын; «химиялық әскерлердің қару-жарағы мен қорғану құралдарын;» деген сөздер алынып тасталсын; «әуе-десанттық техниканы;» деген сөздер алынып тасталсын; «автомобиль техникасын;» деген сөздерден кейін «байланыс пен автоматтандырылған басқару жүйесінің техникасын, мүлкін; әртүрлі модификациядағы сымдық, радиорелейлік, тропосфералық, радио және спутниктік, транкингтік байланыстың кешені мен жүйесін; хабарламаларды шифрлау және коммутациялау құралдарын; телеграфтық және телефон байланысының жүйесін; радиоэлектрондық басу техникасын; инженерлік техниканы; өлшеу техникасын;» деген сөздер алынып тасталсын; «телекоммуникациялық жабдықтарды және аспаптарды; полигондық жабдықтарды және оқу-жаттығу құралдарын;» деген сөздер алынып тасталсын; көрсетілген қаулыға 97-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 2574332 мың теңге (екі миллиард бес жүз жетпіс төрт миллион үш жүз отыз екі мың теңге).»; көрсетілген қаулыға 100-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 6650 мың теңге (алты миллион алты жүз елу мың теңге).»; 11) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бойынша: көрсетілген қаулыға 101-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 7184343 мың теңге (жеті миллиард бір жүз сексен төрт миллион үш жүз қырық үш мың теңге).»; көрсетілген қаулыға 114-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 133348 мың теңге (бір жүз отыз үш миллион үш жүз қырық сегіз мың теңге).»; «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында: «операциялық шығыстарын төлеу» деген сөздерден кейін «(5 консультанттың жалақысы, әлеуметтік салық, кеңсе тауарларын сатып алу, байланыс, электрондық почта қызметтеріне ақы төлеу, интернет, көлікті жалға алу, Астана қаласында үй-жайларды жалға алу, ұйымдастыру техникаларын ұстап тұру және техникалық қызмет көрсету, іссапар шығындары)» деген сөздермен толықтырылсын; «Агрометеостанциялар үшін 40 жинақтама жабдық сатып алу.» деген сөздер алынып тасталсын; «Лизинг компанияларының аудитіне.» деген сөздер алынып тасталсын; 7-тармақтағы «Қаржылық-экономикалық нәтижеде»: «243,0» деген сандар «256,0» деген сандармен ауыстырылсын; «3462,7» деген сандар «3648,0» деген сандармен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға 117-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 12660382 мың теңге (он екі миллиард алты жүз алпыс миллион үш жүз сексен екі мың теңге).»; 4-тармақтағы «қажеттіліктерін қамтамасыз ету,» деген сөздерден кейін «ішкі астық нарығын реттеу,» деген сөздермен толықтырылсын; 5-тармақтағы «мемлекеттік азық-түліктік астық резервін дер уақытында жаңарту және» деген сөздерден кейін «ішкі астық нарығын реттеу,» деген сөздермен толықтырылсын; «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 2-жолының 5-бағанында «мемлекеттік азық-түліктік астық резервін жаңарту» деген сөздерден кейін «және ішкі астық нарығын реттеу» деген сөздермен толықтырылсын; 7-тармақта: «Соңғы нәтиже» «астық резервінің үлесі республика тұрғындарын азық-түліктік қамтамасыз етудің жылдық қажеттілігінің шамамен 16,0-17,0%;» деген сөздерден кейін «ішкі астық нарығын реттеу үшін мемлекеттік сатылатын астық ресурстарының көлемі 517 мың тонна шамасында болуы;» деген сөздермен толықтырылсын; «Қаржылық-экономикалық нәтижедегі» «11,0-13,5» деген сандар «30,4» деген сандармен ауыстырылсын; «Уақыттылығы» мынадай редакцияда жазылсын: «белгіленген мерзімде мемлекеттік ресурсқа астық сатып алу, мемлекеттік азық-түліктік астық резервінің астығын сақтау және орнын ауыстыру.»; көрсетілген қаулыға 122-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 7966186 мың теңге (жеті миллиард тоғыз жүз алпыс алты миллион бір жүз сексен алты мың теңге).»; «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында: реттік нөмірі 2-жолда: «Физикалық инфрақұрылым» құрылыс жұмыстарына» деген сөздер «Физикалық инфрақұрылым» құрамдаушы бойынша - құрылыс жұмыстары» деген сөздермен ауыстырылсын; «қадағалауды іске асыру» деген сөздер «қадағалау» деген сөзбен ауыстырылсын;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |