Француз тілінен аударылған
Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын
1999.30.12. № 11-ІІ ҚР Заңымен бекітілді
Осы Конвенцияға қол қоюшы мемлекеттер, Шетелдiк ресми құжаттарды дипломаттық немесе консульдық заңдастыру талаптарын жоюға ниет бiлдiре отырып, Осыған байланысты Конвенция жасасуды шештi және мына төмендегi ережелерге келiстi:
Осы Конвенция уағдаласушы мемлекеттердің бiрiнiң аумағында жасалған және екiншi уағдаласушы мемлекеттің аумағына ұсынылуы тиiс ресми құжаттарға қолданылады. Осы Конвенцияның тұрғысында ресми құжаттар ретiнде: а) прокуратурадан, соттың хатшысынан немесе соттың атқарушысынан шығатын құжаттарды қоса алғанда мемлекеттің құзырына бағынатын органнан немесе лауазымды тұлғадан шығатын құжаттар; b) әкiмшiлiк құжаттар; с) нотариалдық актiлер; d) тiркеу туралы белгi сияқты ресми белгiлер; белгiлi бiр күндi растайтын визалар; нотариуста расталмаған құжаттағы қолды растау қарастырылады. Сонымен бiрге, осы Конвенция: а) дипломаттық немесе консульдық агенттер жасаған құжаттарға; b) коммерциялық немесе кедендiк операцияларға тiкелей қатысы бар әкiмшiлiктiк құжаттарға қолданылмайды.
Уағдаласушы мемлекеттердің әрқайсысы осы Конвенция қолданылатын және өзiнiң аумағына ұсынылуы тиiс құжаттарды заңдастырудан босатады. Осы Конвенцияның тұрғысында заңдастыру қолдардың түпнұсқалығын, құжатқа қол қойған адамның кiм екендiгiн және тиiстi жағдайларда бұл құжат бекітілген мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын куәландыру үшiн құжат аумағына ұсынылуы тиiс елдiң дипломаттық немесе консульдық агенттерi пайдаланатын шартты рәсiм ғана ұғылады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|