|
|
|
«Астана дипломатиялық корпусына қызмет көрсету жөніндегі басқарма» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету жөніндегі басқарма» акционерлік қоғамының»Астана дипломатиялық корпусына қызмет көрсету жөніндегі басқарма» акционерлік қоғамы еншілес кәсіпорнының акциялары пакетінің 100%-ын республикалық меншікке өтеусіз беру туралы ұсынысына келісім берілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөніндегі қажетті шараларды жүзеге асырсын; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығы берілсін. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: «Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-97-жолмен толықтырылсын: «21-97 «Астана дипломатиялық корпусына қызмет көрсету жөніндегі басқарма» АҚ»; 2) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: көрсетілген қаулыға қосымшада: «Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 239-2-жолмен толықтырылсын: «239-2 «Астана дипломатиялық корпусына қызмет көрсету жөніндегі басқарма» АҚ»; 3) ҚР Үкіметінің 2015.28.08. № 683 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |