|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1105 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 454 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1105 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 38, 515-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі туралы ережеде: 14-тармақта: 6) тармақшада «электр энергетикасы объектілерін жобалау, салу, техникалық пайдалану және қауіпсіздік техникасы» деген сөздер «жобалау, салу» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 51) тармақшамен толықтырылсын: «51) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді.»; 15-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын: «8-1) техникалық пайдалану және электр энергетикасы объектілерінің қауіпсіздік техникасы саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеу және бекіту;»; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: «Мемлекеттік мекемелер» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын: «3. «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі» мемлекеттік мекемесі». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |