|
|
|
Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1455 Қаулысымен күші жойылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 64-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептерді беру ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 690 қаулысымен бекітілген
Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептерді беру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептерді беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептерді беру шарттары мен тәртібін айқындайды. 2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге, барлауға, өндіруге, бірлесіп барлауға және өндіруге қатысты жұмыстар, оның ішінде жерасты суларын, емдік саздарды барлауға және өндіруге, сарқынды суларды төгуге арналған жер қойнауын барлауға байланысты жұмыстар, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстар жатады.
2. Есептер беру шарттары мен тәртібі
3. Ереженің 7-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдаланушылардан басқа, жер қойнауын пайдаланушылар үшін уәкілетті органға жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептер (бұдан әрі - есептер) берудің мынадай мерзімділігі белгіленеді: 1) алты айдың қорытындысы бойынша ақпараттық геологиялық есеп (жарты жылдық есеп); 2) жылдың қорытындысы бойынша ақпараттық геологиялық есеп (жылдық есеп). 4. Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында келісім-шарттық аумақта жер қойнауын пайдалану жөніндегі жүргізілген операциялардың нәтижелері туралы жарты жылдық есептерді жер қойнауын пайдаланушылар ағымдағы жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей уәкілетті органның аумақтық органына (бұдан әрі - аумақтық орган) жібереді. Жер қойнауын пайдаланушылар есептерде мәліметтерді толық немесе дұрыс бермеген жағдайда аумақтық орган алған сәттен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде есепті пысықтауға қайтарады. Аумақтық органдар жер қойнауын пайдаланушылардың деректері бойынша ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығы ішінде оларға ведомстволық бағынысты аумақтарда жер қойнауын пайдалану бойынша жүргізілген операциялардың нәтижелері туралы жиынтық есеп жасайды. Аумақтық органдар жер қойнауын пайдалану жөнінде жүргізілген операциялардың нәтижелері туралы жиынтық есептерді жер қойнауын пайдаланушылардан соңғы есепті алған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға жібереді. Уәкілетті орган жиынтық есепті аумақтық органнан алған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қарайды және оны Жер қойнауы геологиялық ақпаратының республикалық қорына сақтауға жібереді. 5. Жер қойнауын пайдаланушылар өткен жылғы келісім-шарттық аумақта жер қойнауын пайдалану жөнінде жүргізілген операциялардың нәтижелері туралы жылдық есептерді аумақтық органға есепті жылдан кейінгі 10 қаңтардан кешіктірмей жібереді. Жер қойнауын пайдаланушылар есептерде мәліметтерді толық немесе дұрыс бермеген жағдайда аумақтық орган алған сәттен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде есепті пысықтауға қайтарады. Аумақтық органдар жер қойнауын пайдаланушылардың деректері бойынша есепті жыл ішінде оларға ведомстволық бағынысты аумақта жер қойнауын пайдалану жөнінде жүргізілген операциялардың нәтижелері туралы жиынтық есептер жасайды. Аумақтық органдар жер қойнауын пайдаланушылардан соңғы есепті алған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде жер қойнауын пайдалану жөнінде жүргізілген операциялардың нәтижелері туралы жиынтық есептерді уәкілетті органға жібереді. Уәкілетті орган аумақтық органнан жиынтық есепті алған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қарайды және оны Жер қойнауы геологиялық ақпаратының республикалық қорына сақтауға жібереді. 6. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей аумақтық органға тоқсан сайынғы есептерді ұсынады. Жер қойнауын пайдаланушылар есептерде мәліметтерді толық немесе дұрыс бермеген жағдайда аумақтық орган есепті алған сәттен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде пысықтауға қайтарады. Аумақтық органдар жер қойнауын пайдаланушылардың деректері бойынша есепті тоқсанға оларға ведомстволық бағынысты аумақта жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөнінде жүргізілген операциялардың нәтижелері туралы жиынтық есептер жасайды. Аумақтық органдар жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөнінде жүргізілген операциялардың нәтижелері туралы жиынтық есептерді жер қойнауын пайдаланушылардан соңғы есепті алған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға жібереді. Уәкілетті орган аумақтық органнан жиынтық есепті алған кезден бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қарағаннан кейін оны Жер қойнауы геологиялық ақпаратының республикалық қорына сақтауға жібереді. 7. Жер қойнауын пайдаланушылар келісім-шарттық аумақтың қайтарылатын (босатылатын) бөлігі бойынша жер қойнауын пайдалану жөнінде операциялар аяқталғаннан кейін бір айдан кешіктірмей аумақтық органға босатылатын келісім-шарттық аумақтың учаскелерінде жүргізілген геологиялық зерттеулер туралы есепті тапсырады. Аумақтық органдар келісім-шарттық аумақтың қайтарылатын (босатылатын) бөлігі бойынша есептерді оларды алған сәттен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға жібереді не жер қойнауын пайдаланушылар есептерде мәліметтерді толық немесе дұрыс бермеген жағдайда пысықтауға қайтарылады. Уәкілетті орган аумақтық органнан есепті алған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде бекітеді және оны Жер қойнауы геологиялық ақпаратының республикалық қорына сақтауға жібереді. 8. Жер қойнауын пайдаланушылар бүкіл келісім-шарттық аумақта жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар аяқталғаннан кейін бір айдан кешіктірмей аумақтық органға түпкілікті есепті тапсырады. Түпкілікті есептерді аумақтық органдар оларды алған сәттен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға жібереді не жер қойнауын пайдаланушылар есептерде мәліметтерді толық немесе дұрыс бермеген жағдайда пысықтауға қайтарылады. Уәкілетті орган аумақтық органнан есепті алған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде бекітеді және оны Жер қойнауы геологиялық ақпаратының республикалық қорына сақтауға жібереді. 9. Жер қойнауын пайдаланушылар тапсыратын есептер жер қойнауының геологиялық құрылымы, оларда бар пайдалы қазбалар, кен орындарының геологиялық параметрлері, қорлардың мөлшері, игеру жағдайлары, сондай-ақ осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес жер қойнауының кез келген ерекшеліктері туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды өткізу туралы есептерді беру ережесіне 1-қосымша
Есептерге геологиялық ақпараттың қажетті мәліметтері
1. Жер қойнауын пайдаланушының жартыжылдық есебі өзіне қысқаша ақпараттық жазбахатты және, қажет болған жағдайда, ақпараттық жазбахаттың мәтінін көркемдейтін графикалық үстемелерді (немесе суреттерді) қамтиды. Жартыжылдық есепті ақпараттық толтыру геологиялық зерттеу сатысына байланысты: 1) өңірлік геологиялық зерттеулерде мынадай мәліметтер келтіріледі: Келісім-шарттық аумақтың әкімшілік жағдайы; есепті кезең ішінде өзара шарттық аумақта орындалған жұмыстардың түрлері мен көлемдері; пайдалы қазбаның білінген тұрағының географиялық координаттары; пайдалы қазбалардың табылған білімдерінің жоспардағы және тереңдіктегі көлемі; пайдалы қазба білінімінің сипаттамасы; табылған жерүсті және ұңғымалық мұнай-газ білінімдерінің, табиғи резервуарлардың сипаттамасы; пайдалы қазба ресурстарын болжамды бағалау; 2) табылған перспективалы объектілер шегіндегі іздестіру жұмыстары кезінде есепте 1) тармақшада көрсетілген мәліметтерден басқа мынадай деректер келтіріледі: табылған кеңденудің топографиялық және минералогиялық сипаттамасы; кен денесінің параметрлері; перспективалы құрылымның тереңдегі құрылымының ерекшеліктері; көмірсутек шоғырының параметрлері; іздестіру немесе параметрлік ұңғымалардың ағынын байқап көрудің нәтижесі бойынша мәліметтер; пайдалы қазбаның қорларын бағалау, пайдалы қазбаның коммерциялық құндылығы туралы қорытынды; 3) іздеу-бағалау жұмыстары кезінде 2) тармақшада көрсетілген мәліметтермен қатар мынадай деректер келтіріледі: кенорындары рудаларының негізгі түрлері мен сорттары; байытудың оңтайлы сызбасын көрсетумен бірге, кенді қайта өңдеудің жоспарланған технологиялары жөніндегі деректер; өнеркәсіптік қорлар мен болжамды ресурстар, кен орындарын игерудің рентабельділігі туралы мәліметтер; 4) барлау кезеңіндегі объектілер бойынша 3) тармақшада көрсетілген мәліметтермен қатар, мынадай деректер келтіріледі: кен денелерінің мөлшері, пішіні және параметрлері; пайдалы қазбалардың қорларын есептеу үшін қолданылған кондицияның негізгі параметрлері; кен орындарын игерудің гидрогеологиялық шарттары, кенорындарының су басу дәрежесі; негізгі су тұтқыш көкжиектердің және жерасты сулары кешендерінің гидрогеологиялық параметрлерін бағалау деректері. 2. Жер қойнауын пайдаланушының жылдық есебі өзіне өткен жылғы геологиялық зерттеулердің нәтижелері туралы қорытылған ақпаратты қамтиды. Жылдық есеп ақпараттық жазбахаттың мәтінін көркемдейтін ақпараттық жазбахат және графикалық үстеме түрінде беріледі. Жылдық есепті ақпараттық толтыру келісім-шарттық аумақтың зерттеу кезеңіне тәуелді: 1) пайдалы қазбаларға өңірлік геологиялық зерттеулер кезінде есепке келісім-шарттық аумақ бойынша мынадай мәліметтер енгізіледі: әкімшілік жағдайы; келісім-шарттық аумақтың қысқаша геологиялық сипаттамасы; өңірлік зерттеулердің әдістемесі, орындалған жұмыстардың түрлері мен көлемдері; жер қойнауын пайдаланушылар тапқан кен білінімдері мен минералдау нүктелерінің сипаттамасы: географиялық координаттары, жоспардағы көлемдері, геологиялық сипаттамасы, табылған кенденудің сипаттамасы (пайдалы компоненттер және олардың мөлшері, одан әрі зерделеу перспективалары); айқындалған перспективалы құрылымдардың сипаттамасы: географиялық байланыстыру, геометриялық параметрлері, перспективалы көкжиектердің жату тереңдігі, олардың стратиграфиялық байланысуы, ресурстарды болжамды бағалау. Өңірлік зерттеулер бойынша жылдық есептің мәтініне мынадай графикалық үстемелер қоса ұсынылады: өңірлік масштабтағы келісім-шарттық аумақтың геологиялық картасы; перспективалы құрылымдар, телімдер, кен білінімдері бойынша нақтылы масштабтағы геологиялық ойым-карталар, карталардағы геофизикалық және геохимиялық аномалийларды бейнелеп көрсетілген білінімдері бойынша толық масштабтағы геологиялық карта-қималар; негізгі реперлік бетінің құрылымдық карталары; айқындалған перспективалы құрылымдар бойынша қималар; ерекше қиылыстар бойынша уақытша және тереңдік тіліктер. 2) Перспективалы телімдердегі, кен білінімдеріндегі, құрылымдардағы іздеу-бағалау жұмыстарының нәтижелері жөнінде мынадай ақпарат келтіріледі: перспективалы телімдердің, кен білінімдерінің, құрылымдардың географиялық-экономикалық жағдайы; айқындалған кен объектісінің геологиялық құрылымының сипаттамасы; кенденудің заттық құрамы; кенді дене параметрлері, пайдалы құрам бөліктердің мөлшері, болжамды ресурстарды бағалау, олардың геологиялық-экологиялық сипаттамалары. мұнай мен газ жұмыстарында мыналар көрсетіледі: айқындалған және терең бұрғылауға дайындалған өнімді құрылымдардың, белгіленген мұнай-газ білінімдерінің және битум мен кирлерді қоса алғанда, көмірсутек белгілерінің атауы; негізгі шағылдырғыш көкжиектер бойынша құрылымдық карталар, жинауыштық қасиеттер бойынша деректер, іздеу және параметрлік ұңғымаларды ағынға сынау және бұрғылау нәтижелері, А+В+С1 және С2 санаттары бойынша қорларды бағалау; іздеу және параметрлік ұңғымаларды ағынға сынау нәтижелері, ұңғымамен ашылған литологостратиграфиялық қима, ұңғыманың құрылымы, коллектордағы мұнайдың, газдың, судың мөлшері, ұңғыманың қысқаша өткізгіші, кедергілер және келісім-шартта ескертілген басқа да мәліметтер. 3) Келісім-шарттық аумақты зерттеудің іздеу-барлау кезеңіне мыналар қоса беріледі: спектрлік талдау деректерімен бірге кенді аймақтардың сынамалау жоспарлары; спектрлік, сандық, соның ішінде технологиялық талдаулардың нәтижелерін шығара отырып іздеу бұрғылау деректері бойынша геологиялық қималар, керн материалы нәтижелерінің талдауы; іздеу ұңғымаларының геологиялық бағаналары; мұнайгазды аудандар бойынша қоса беріледі: негізгі шағылдырғыш көкжиектер бойынша толық құрылымдық карталар, ерекше бағыттар бойынша уақытша және тереңдік қималар, каротажды диаграммалардың қосымшасымен бірге бұрғыланған ұңғымалардың геологиялық қималары, ағынға сынамалау нәтижелері. 4) Келісім-шарттық аумақтағы барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша мынадай ақпарат келтіріледі: ашылған кенорнындағы кеннің негізгі түрлері мен сорттары; кен өңдеудің жетілдірілген оңтайлы технологиясы; кенорнын өңдеудің гидрогеологиялық және кен-технологиялық шарттары; кен орындарының өнеркәсіптік қорлары және болжамды ресурстары, пайдалы конпоненттердің мөлшері; кенорны өңдеудің рентабельділігі; Жылдық есептің мәтініне мынадай графикалық материалдар қоса беріледі: жеке барлау сызықтары бойынша қорларды есептеуге арналған геологиялық қималар; С1 және С2 санаттарының ең маңызды блоктары мен болжамды ресурстардың қорларын бұғаттау. 5) Өнеркәсіптік игеру үшін кенорнын барлау және дайындау жұмыстары бойынша мынадай ақпараттар келтіріледі: кенорнының географиялық координаттары; барлау әдістемесі, жұмыстардың түрлері мен көлемдері; кенорнының геологиялық сипаттамасы; кен рудалы аудандар бойынша: кен денелерінің саны, формасы, параметрлері, кеннің минералогиялық құрамы, минералдық ассоциациясы, пайдалы компоненттердің біліну формасы туралы деректер; пайдалы компоненттің негізгі минералдары-тасымалдаушылары; қорларды есептеуге арналған кондицияның параметрлері; пайдалы қазбалар қорларын есептеудің нәтижелері; кеннің заттық құрамы және технологиялық қасиеті, кен шикізатын өңдеудің оңтайлы технологиялық сызбасы; кенорнын игерудің техникалық-экономикалық көрсеткіштері; мұнай және газ кенорындарын барлау кезінде: өнімді көкжиектер мен коллекторлардың сыналану аймағының геологиялық құрылымы, таужыныс-коллекторлардың параметрлері; ұңғымаларды ағынға зерттеу нәтижелері; өнімділік коэффициенттері; газ-су, су-мұнай жапсарларының сипаты; жойылған ұңғымалар мен консервациядағы ұңғымалар туралы ақпарат. Өнеркәсіптік игеру үшін кенорнын барлау және дайындау бойынша графикалық үстемеден басқа мыналар қоса беріледі: рудалы кенорындар бойынша: бойлық геологиялық қималар; кенорнын біркелкі сипаттайтын геологиялық қималар, екі және үш деңгейдегі көкжиекті жоспарлар; негізгі кендік шоғырларының қорларын бұғаттау; мұнай-газ кенорындары бойынша: әрбір өнімді көкжиек бойынша толық құрылымдық карталар, литологиялық-геологиялық қималар, ұңғымаларды сынау нәтижелері. 3. Келісім-шарттық аумақта коммерциялық табу және пайдалы қазбалардың қолданылатын қорларын бекіту кезінде жер қойнауын пайдаланушы ашық кенорындарының паспорттарын уәкілетті органға беруге міндетті. 4. Осы Ереженің 7 және 8 тармақтарында көрсетілген геологиялық есептерді ресімдеу уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының жер қойнауын геологиялық зерттеу туралы есептерді ресімдеу жөніндегі Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |