|
|
|
Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы (2000.03.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР 2000 ж. 25 желтоқсандағы № 132-II Конституциялық Заңымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының Президенті мен жергілікті әкімдерге уақытша қосымша өкілеттік беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына, Қазақстан Республикасы Конституциясының 75-бабының 4-тармағы мен 82-бабының 5-тармағына сәйкес және сот-құқық реформасын кезең-кезеңмен жүзеге асыру мақсатында осы Жарлықты шығарамын.
І Бөлім. Жалпы ережелер
1-бап. Сот билігі 1. Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек қана сот жүзеге асырады. Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруды, Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды. 2. Соттар өздеріне тиесілі билікті ешкімнің еркіне қарамастан Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес жүзеге асырады. 3. Республикадағы сот билігі Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, Республиканың халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады. 4. Сот билігі сот ісін жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. 5. Соттардың шешімдері, үкімдері, өзге қаулылары, сондай-ақ олардың заңды өкімдері, талаптары, тапсырмалары мен басқа өтініштері Республиканың бүкіл аумағында барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшін міндетті болып табылады. Оларды орындамау, сол сияқты сотты құрметтемеу заң бойынша жауаптылыққа әкеліп соғады.
ҚР 1997.07.01. № 143 Заңымен 2-бап толықтырылды және өзгертілді 2-бап. Сот жүйесі 1. Қазақстан Республикасындағы сот жүйесін заңмен құрылатын Республиканың Жоғарғы Соты мен Республиканың жергілікті соттары (облыстық және оларға теңестірілген соттар (Алматы қалалық соты, Қазақстан Республикасы әскерлерінің Әскери соты), аудандық (қалалық), әскери соттар) құрайды. Ешбір өзге органның, лауазымды адамның немесе өзге тұлғаның сот функцияларын өзіне алуға хақы жоқ. 2. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол берілмейді. 3. Қазақстан Республикасында соттардың мамандандырылуы және осы мақсатта мамандандырылған: шаруашылық, салық, отбасылық, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі, әкімшілік және басқа соттарды құру жүзеге асырылуы мүмкін. Мамандандырылған соттардың, оларға осы Жарлықтың ережелері қолданыла отырып, аудандық (қалалық) сот мәртебесі болады. 4.
ҚР 1997.07.01. № 143 Заңымен 3-бап толықтырылды және өзгертілді 3-бап. Сот жүйесінің бірлігі Қазақстан Республикасы сот жүйесінің бірлігі: 1) сот төрелігінің конституциялық принциптерімен; 2) сот ісін жүргізудің заңмен белгіленген нысандарында сот билігін жүзеге асырумен; 3) соттардың бірыңғай заңдарды қолдануымен; 4) соттарды құру тәртібімен; 5) Республиканың бүкіл аумағында заңды күшіне енген сот шешімдерінің орындалу жүйесімен; 6) барлық соттарды республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырумен қамтамасыз етіледі.
4-бап. Қазақстан Республикасындағы соттар қызметінің негізгі принциптері Республикадағы соттар қызметі заңдылық, судьялардың тәуелсіздігі, баршаның заң және сот алдындағы теңдігі, тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы, істерді қараудың жариялылығы принциптерінің негізінде құрылады.
5-бап. Сот арқылы қорғалу құқығы 1. Әркімге мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге тұлғалардың Республиканың Конституциясы мен заңдарында көзделген құқықтарына, бостандықтарына және заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін кез келген жолсыз шешімдері мен іс-әрекетінен сот арқылы қорғалуына кепілдік беріледі. 2. Ешкімді заңның барлық талаптары мен әділеттілік сақтала отырып құзыретті, тәуелсіз және әділ сотта ісінің қаралуы құқығынан айыруға болмайды. 3. Барлық соттарда және сот ісін жүргізудің кез келген деңгейінде білікті заң көмегімен қорғауға кепілдік беріледі. 4. Сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға тиісті өтініштерді, арыздар мен шағымдарды ешбір басқа органдар, лауазымды немесе өзге тұлғалар қарай алмайды немесе бақылауға ала алмайды.
6-бап. Сот ісін жүргізу тілі Республикада сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, сот ісін жүргізуде орыс тілі мемлекеттік тілмен бірдей ресми қолданылады. Сот ісін жүргізу, сол сияқты осы жер тұрғындарының көпшілігінің тілінде жүргізілуі мүмкін.
ҚР 1997.07.01. № 143 Заңымен 7-бап өзгертілді 7-бап. Сотта істі қараудың жариялылығы 1. Барлық соттарда істер ашық қаралады. 2. Егер істі ашық қарау мемлекеттік құпияларды, әскери, қызметтік және коммерциялық құпияның жария болуына әкеп соғуы мүмкін не азаматтардың және өмірі мен өз басының, отбасының құпиясы жария болудан, қорғау не сот ісін жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігі болса істерді жабық отырыста тыңдауға рұқсат етіледі. 3. Соттардың шешімдері, үкімдері мен қаулылары көпшілік алдында жария етіледі.
ҚР 1997.07.01. № 143 Заңымен 84-бап өзгертілді 8-бап. Істерді қарау кезіндегі соттардың құрамы 1. Бастапқы сатылы сотта істерді қарауды судья жеке дара жүзеге асырады. Заңда өлім жазасы көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер үш судья құрамында қаралады. 2. Жоғары тұрған соттардың іс қарауы іс жүргізу заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 3. Істер алқалы түрде қаралған кезде судьялардың дауыс беруден қалыс қалуға хақы жоқ.
9-бап. Прокурор мен адвокаттың істерді қарауға қатысуы Прокурорлар мен адвокаттар соттардың істерді қарауына тараптардың теңдігі және процестің жарыспалылығы принциптерінің негізінде қатысады.
II Бөлім. Соттар жүйесі
І Тарау. Аудандық (қалалық соттар)
ҚР 1997.07.01. № 143 Заңымен 10-бап толықтырылды және өзгертілді 10-бап. Аудандық (қалалық) соттарды құру 1. Аудандық (қалалық) сотты Әділет министрінің ұсынуымен ауданда, қалада (аудандық бағыныстағы қалалардан басқа), қаладағы ауданда Республика Президенті құрады және таратады. 2. Республика Президенті Республика Әділет министрінің ұсынуымен аудан мен қалаға, бірнеше аудандарға (қаладағы аудандарға) және қалаларға бір сотты құруы мүмкін. 3. Аудандық (қалалық) соттардың сот учаскелерін әділет басқармасының бастығы мен облыстық және оған теңестірілген сот төрағасының бірлескен ұсынысы бойынша Әділет министрі құрады және таратады.
ҚР 1997.07.01. № 143 Заңымен 11-бап толықтырылды және өзгертілді 11-бап. Аудандық (қалалық) соттың құрамы 1. Аудандық (қалалық) сот төраға мен тұрақты судьялардан тұрады. Егер штат бойынша аудандық (қалалық) сотта бір судья болса, ол сот төрағасының өкілеттігін жүзеге асырады (бір құрамды сот). Оның құрамында сот учаскесі құрылған жағдайда аудандық (қалалық) сот соттың төрағасынан, сот учаскесінің аға судьясынан және тұрақты судьялардан тұрады. 2. Аудандық (қалалық) соттар үшін судьялардың жалпы санын Әділет министрінің ұсынуымен Республика Президенті белгілейді. 3. Әрбір аудандық (қалалық) сот үшін судьялар санын Әділет министрі белгілейді.
ҚР 1997.07.01. № 143 Заңымен 12-бап өзгертілді 12-бап. Аудандық (қалалық) соттың өкілеттіктері және оның жұмысын ұйымдастыру 1. Аудандық (қалалық) сот: 1) заңмен басқа соттардың қарауына жатқызылған істерді қоспағанда, бастапқы саты бойынша барлық істерді қарайды; 2) сот статистикасын жүргізеді және талдайды; 3) өзіне заңмен берілген басқа өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2.
ҚР 1997.07.01. № 143 Заңымен 13-бап өзгертілді 13-бап. Аудандық (қалалық) соттың төрағасы, сот учаскесінің аға судьясы 1. Аудандық (қалалық) соттың төрағасы судья болып табылады және соттың жұмысын ұйымдастырады. 2. Аудандық (қалалық) соттың төрағасы: 1) судьялардың арасында істерді бөледі және судьяларға басқа да міндеттерді жүктейді; 2) бастапқы саты бойынша істерді қарайды; 3) жеке қабылдау жүргізеді, азаматтарды қабылдау және ұсыныстарды, арыздар мен шағымдарды қарау жөніндегі сот жұмысын ұйымдастырады; 4) сот статистикасын жүргізу мен талдауды ұйымдастырады; 5) сот практикасын зерделеуді ұйымдастырады; 6) сот аппаратының қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, олардың жұмысын ұйымдастырады және бақылайды; 7) судьялар мен сот аппараты қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; 8) бұйрықтар мен өкімдер шығарады; 9) өзіне заңмен берілген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. 3. Сот учаскесінің аға судьясы судья болып табылады және осы баптың 2-тармағының 4),5),7) және 8) тармақшаларында, сондай-ақ 6) тармақшасында (сот аппаратының қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату бөлігінде) аталған өкілеттікті қоспағанда, аудандық (қалалық) соттардың құқықтарына ие болады.
ҚР 1997.07.01. № 143 Заңымен 14-бап толықтырылды және өзгертілді 14-бап. Уақытша орнында болмаған аудандық (қалалық) сот төрағасының, сот учаскесінің аға судьясының немесе судьясының міндетін атқару 1. Аудандық (қалалық) соттың төрағасы сот учаскесінің аға судьясы уақытша орнында болмаған жағдайда олардың міндеттерін атқару төрағаның бұйрығымен осы соттың судьяларының біріне жүктеледі. 2. Аудандық (қалалық) соттың судьясы уақытша орнында болмаған жағдайда әділет басқармасы оның міндеттерін атқаруды басқа аудандық (қалалық) сот судьяларының біріне жүктеуі мүмкін.
II Тарау. Облыстық және оларға теңестірілген соттар
ҚР 1997.07.01. № 143 Заңымен 15-бап толықтырылды және өзгертілді 15-бап. Облыстық және оларға теңестірілген соттарды құру 1. Облыстық және оларға теңестірілген соттарды Әділет министрінің ұсынуымен әрбір облыста және тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністе Республика Президенті құрады және таратады. 2. Облыстық және оларға теңестірілген соттар судьяларының жалпы санын Әділет министрінің ұсынуымен Республика Президенті белгілейді. 3. Әрбір облыстық және оларға теңестірілген соттар үшін судьялардың санын тиісті сот төрағасының ұсынуымен Әділет министрі белгілейді.
ҚР 1997.07.01. № 143 Заңымен 16-бап толықтырылды және өзгертілді 16-бап. Облыстық және оған теңестірілген соттың құрамы 1. Облыстық және оған теңестірілген сот төрағадан, сот алқаларының төрағаларынан және тұрақты судьялардан тұрады. 2. Облыстық және оған теңестірілген сот органдары: 1) сот төралқасы; 2) азаматтық істер жөнінде сот алқасы; 3) шаруашылық істері жөніндегі сот алқасы; 4) қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы болып табылады.
17-бап. Облыстық және оған теңестірілген соттың өкілеттіктері Облыстық және оған теңестірілген сот: 1) бастапқы сатылы сот ретінде өз өкілеттіктері шегінде шағым (кассация), қадағалау ретімен және жаңадан анықталған жағдаяттар бойынша істерді қарайды; 2) аудандық (қалалық) соттарға сот қадағалауын жүзеге асырады; 3) сот статистикасын жүргізеді және талдайды, сот практикасын зерделеп, қорытады; 4) өзіне заңмен берілген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
ҚР 1997.07.01. № 143 Заңымен 18-бап толықтырылды және өзгертілді 18-бап. Облыстық және оған теңестірілген соттың төралқасы Облыстық және оған теңестірілген соттың төралқасы соттың төрағасынан және жыл сайын облыстық соттың құрамы сот мүшелерінің жалпы санынан жасырын дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен сайлайтын төрт тұрақты судьядан тұрады.
ҚР 1997.07.01. № 143 Заңымен 19-бап толықтырылды және өзгертілді 19-бап. Облыстық және оған теңестірілген сот төралқасының өкілеттіктері Облыстық және оған теңестірілген сот төралқасы: 1) істі өз құзыретінің шегінде қадағалау тәртібімен және іс жүргізу заңдарында белгіленген тәртіппен жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қарайды; 2) алқалардың қызметі туралы сот алқалары төрағаларының есептерін тыңдайды, сот аппаратының мәселелерін қарайды; 3) сот практикасын зерделеу мен сот статистикасын талдау материалдарын, аудандық (қалалық) соттардың олардың сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды; 4) өзіне заңмен берілген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
20-бап. Облыстық және оған теңестірілген сот төралқасының жұмыс тәртібі 1. Облыстық және оған теңестірілген сот төралқасының отырыстары оның мүшелерінің жартысынан астамы бар болса құқылы. 2. Төралқа қаулыларына төрағалық етуші қол қояды. 3. Облыстық және оған теңестірілген сот төралқасының жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі оның өзі қабылдаған регламентпен белгіленеді.
ҚР 1997.07.01. № 143 Заңымен 21-бап толықтырылды және өзгертілді 21-бап. Облыстық және оған теңестірілген сот алқалары 1. Облыстық және оған теңестірілген сот сот алқалары өз өкілеттіктері шегінде бастапқы сатылы соттар ретінде шағым (кассация) тәртібімен және жаңадан анықталған жағдаяттар бойынша істерді қарайды, сондай-ақ оларға заңмен берілген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2. Облыстық және оған теңестірілген соттың азаматтық, шаруашылық және қылмыстық істер жөніндегі сот алқаларының құрамын тиісті соттың судьялары арасынан сот төрағасы бекітеді. 3. Облыстық және оған теңестірілген соттың төрағасы қажетті жағдайларда бір сот алқасының судьяларын басқа сот алқасының құрамында істерді қарау үшін тартуға хақылы.
ҚР 1997.07.01. № 143 Заңымен 22-бап толықтырылды және өзгертілді 22-бап. Облыстық және оған теңестірілген соттың төрағасы 1. Облыстық және оған теңестірілген соттың төрағасы судья болып табылады және соттың жұмысын ұйымдастырады. 2. Облыстық және оған теңестірілген соттың төрағасы: 1) сот төралқасын шақырады және оның отырыстарында төрағалық етеді; 2) алқалардың сот отырыстарында төрағалық етеді және бастапқы саты бойынша істерді қарайды; 3) заңда белгіленген шектерде және тәртіппен сот қаулыларына наразылықтар енгізеді; 4) заңда белгіленген реттерде және тәртіппен азаматтық, шаруашылық және әкімшілік істері жөніндегі шешімдер мен ұйғарымдардың орындалуын тоқтата тұруға хақылы; 5) облыстық және оған теңестірілген сот алқалары сот төрағаларының лауазымдарына және судьялыққа кандидаттарды іріктеп алуға және оларды Әділет министрлігіне ұсынуға қатысады; 6) алқалардың құрамын бекітеді және оның сот қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, алқалар төрағаларының арасында міндеттерді бөледі; 7) сот алқасы төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда оның міндеттерін атқаруды сот мүшелерінің біріне жүктейді; 8) сот статистикасын жүргізу мен талдауды, сот практикасын зерделеуді ұйымдастырады; 9) сот кадрларының біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; 10) Әділет министріне сот аппаратының құрылымы мен штатын ұсынады, аппараттың қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, олардың жұмысын ұйымдастырып, бақылайды; 11) ұсыныстарды, арыздар мен шағымдарды қарау жөніндегі сот жұмысын ұйымдастырады, азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді; 12) бұйрықтар мен өкімдер шығарады; 13) белгіленген тәртіппен өздігінен сот алқаларының төрағалары және облыстық немесе оған теңестірілген соттың судьялары жөнінде немесе әділет басқармасының бастығымен бірлесе отырып, аудандық (қалалық) және оларға теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, сот учаскелерінің аға судьялары жөніндегі оларға біліктілік сыныптарын беру және олардан айыру туралы ұсыныс енгізеді; 14) өзіне заңмен берілген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. 3. Облыстық және оған теңестірілген сот төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда оның міндеттерін төрағаның бұйрығымен сот алқасының төрағаларының бірі атқарады.
ҚР 1997.07.01. № 143 Заңымен 23-бап өзгертілді 23-бап. Облыстық және оған теңестірілген соттардың сот алқасының төрағасы 1. Облыстық және оған теңестірілген соттардың сот алқасының төрағасы судья болып табылады және алқаның жұмысын ұйымдастырады. 2. Облыстық және оған теңестірілген соттардың сот алқасының төрағасы: 1) алқаның отырыстарында төрағалық етеді әрі істер жайында баяндайды немесе бұл үшін судьяларды тағайындайды; 2) сот отырыстарында істерді қарау үшін құрамдарды жасақтайды; 3) бастапқы саты бойынша істерді қарайды; 4) азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді; 5) төралқаға алқаның сот алқасының қызметі туралы есепті табыс етеді; 6) өзіне заңмен берілген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. 3. Сот алқасының төрағасы орнында болмаған жағдайда сот төрағасы оның міндеттерін атқаруды осы алқаның судьяларының біріне жүктейді.
III Тарау. Әскери соттар
ҚР 1997.07.01. № 143 Заңымен 24-бап толықтырылды 24-бап. Әскери соттарды құру 1. Республика аумағында Қазақстан Республикасының Әскери соты, бірлестіктердің (армиялардың, құрамалардың, гарнизондардың) әскери соттары болады. Әскери соттарды Әділет министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті құрады және таратады. 2. Әскери соттардың жалпы санын Әділет министрінің ұсынуымен Республика Президенті белгілейді. 3. Әрбір әскери сот үшін судьялар санын Әділет министрі белгілейді.
ҚР 1997.07.01. № 143 Заңымен 25-бап толықтырылды 25-бап. Бірлестіктің (армияның, құраманың, гарнизонның) әскери соты және оның өкілеттіктері 1. Бірлестіктің (армияның, құраманың, гарнизонның) әскери соты әскери соттың төрағасы мен тұрақты судьялары құрамында құрылады. 2. Бірлестіктің (армияның, құраманың, гарнизонның) әскери соты: 1) заңмен оның қарауына жатқызылған істерді қарайды; 2) сот статистикасын талдайды; 3) өзіне заңмен берілген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. 3. Бірлестіктің (армияның, құраманың, гарнизонның) әскери сотының аудандық (қалалық) сот мәртебесі болады және оған осы Жарлықтың тиісті ережелері қолданылады.
26-бап. Бірлестіктің (армияның), құраманың гарнизонның әскери сотының төрағасы 1. Бірлестіктің (армияның, құраманың, гарнизонның) төрағасы судья болып табылады және әскери соттың жұмысын ұйымдастырады. 2. Бірлестіктің (армияның, құраманың, гарнизонның) төрағасы: 1) судьялардың арасында істерді бөледі және судьяларға басқа да міндеттерді жүктейді; 2) бастапқы саты бойынша істерді қарайды; 3) жеке қабылдау жүргізеді, азаматтарды қабылдау және ұсыныстарды, арыздар мен шағымдарды қарау жөніндегі соттың жұмысын ұйымдастырады; 4) сот статистикасын жүргізу мен талдауды ұйымдастырады; 5) сот практикасын зерделеуді ұйымдастырады; 6) сот аппаратының қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, олардың жұмысын ұйымдастырып, бақылайды; 7) судьялардың және сот аппараты қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; 8) бұйрықтар мен өкімдер шығарады; 9) өзіне заңмен берілген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
ҚР 1997.07.01. № 143 Заңымен 27-бап өзгертілді 27-бап. Республика әскерлерінің Әскери соты және оның өкілеттіктері 1. Республика әскерлерінің Әскери соты төрағадан, сот алқаларының төрағаларынан және тұрақты судьялардан тұрады. 2. Қазақстан Республикасы әскерлерінің Әскери сотында: 1) сот төралқасы; 2) азаматтық істер жөніндегі сот алқасы; 3) қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы жұмыс істейді. 3. Республика әскерлерінің Әскери соты: 1) өз өкілеттіктерінің шегінде бастапқы сатылы сот ретінде шағым (кассация), қадағалау тәртібімен және жаңадан анықталған жағдаяттар бойынша істерді қарайды; 2) бірлестіктердің (армиялардың, құрамалардың, гарнизондардың) әскери соттарына сот қадағалауын жүзеге асырады; 3) сот статистикасын жүргізеді және талдайды, сот практикасын зерделеп, қорытады; 4) өзіне заңмен берілген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. 4. Республика әскерлері Әскери сотының облыстық сот мәртебесі болады әрі оған осы Жарлықтың тиісті ережелері қолданылады.
IV Тарау. Республиканың Жоғарғы Соты
ҚР 1997.07.01. № 143 Заңымен 28-бап өзгертілді 28-бап. Жоғарғы Соттың өкілеттіктері 1. Жоғарғы Сот төменгі соттардың қарауына жататын азаматтық, шаруашылық, қылмыстық және басқа істер жөніндегі жоғарғы сот органы болып табылады заңда көзделген іс жүргізу нысандарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады. 2. Жоғарғы Сот: 1) заңда көзделген жағдайларда бастапқы саты бойынша істерді қарайды; шағым (кассация) ретімен бастапқы саты бойынша облыстық соттарда қаралған істерді қарайды; 2) қадағалау ретімен және жаңадан анықталған жағдаяттар бойынша төменгі соттар мен Жоғарғы Сотта қаралған істерді қарайды; 3) Республика заңдарының және басқа нормативтік құқықтық актілерінің қолданылу практикасын зерделейді және қорытады, сот практикасының мәселелері жөнінде түсініктер беретін нормативтік қаулылар шығарады; 4) заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді, сот статистикасын жүргізеді және талдайды; 5) өзіне заңмен берілген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
ҚР 1997.07.01. № 143 Заңымен 29-бап өзгертілді 1. Жоғарғы сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуымен Республика Президенті белгілейді. 2. Жоғарғы Сот Төрағадан, сот алқаларының төрағалары мен тұрақты судьялардан тұрады. 3. Жоғарғы соттың органдары: 1) пленум; 2) төралқа; 3) азаматтық істер жөніндегі сот алқасы; 4) шаруашылық істер жөніндегі сот алқасы; 5) қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы; 6) әскери сот алқа болып табылады. 4. Жоғарғы Соттың жанынан ғылыми-консультативтік кеңес құрылады.
ҚР 1997.07.01. № 143 Заңымен 30-бап өзгертілді 30-бап. Жоғарғы Соттың Пленумы Жоғарғы Соттың Пленумы Төрағаның, сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Сот судьяларының құрамында жұмыс істейді.
ҚР 1997.07.01. № 143 Заңымен 31 бап толықтырылды және өзгертілді 31-бап. Жоғарғы Сот пленумының өкілеттіктері Жоғарғы Соттың пленумы: 1) соттардың заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдану практикасын зерделеу және талдау материалдарын қарайды және сот практикасының мәселелері жөнінде түсініктер беретін нормативтік қаулылар шығарады; 2) Республика Конституциясына сәйкес Президентке мемлекетке опасыздық жасады деп тағылған айыптың негізділігі жөнінде қорытынды береді; 3) сот статистикасын талдау материалдарын қарайды; 4) Жоғарғы Сот Төрағасының, Жоғарғы Сот пленумы хатшысының ұсыныстарымен ғылыми-консультативтік кеңестің құрамын сайлайды; 5) Жоғарғы Соттың тәртіптік алқасының мүшелерін сайлайды; 6) Жоғары Сот төралқасының мүшелерін сайлайды; 7) өзіне заңмен берілген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
32-бап. Жоғарғы Сот пленумының жұмыс тәртібі 1. Жоғарғы Соттың пленумы жылына кемінде екі рет шақырылады. Жоғарғы Сот пленумының жұмыс тәртібі оның өзі бекіткен регламентпен белгіленеді. 2. Жоғарғы Сот Пленумының отырыстары оның құрамының кемінде үштен екісі бар болса құқылы болып саналады. Пленумның қаулысы дауыс беруге қатысқан Пленум мүшелерінің көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. 3. Пленумның жұмысына Республика Конституциялық Кеңесінің Төрағасы, Бас Прокуроры мен Әділет министрі қатысады. 4. Бас Прокурор мен Әділет министрі сот практикасының мәселелері жөнінде түсініктер беру туралы ұсыныстар енгізуге хақылы. 5. Пленумның қаулысына Жоғарғы Соттың Төрағасы мен пленумның хатшысы қол қояды.
ҚР 1997.07.01. № 143 Заңымен 33 бап толықтырылды және өзгертілді
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |