|
|
|
Осы редакция 2008 жылғы 3 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 24 қаулысына қосымша
«Шетелдік бұқаралық ақпарат құралын есептік тіркеуге қою»
1. Аталмыш стандарт Ақтөбе облысының аумағында таралатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есептік тіркеуге қою тәртібін анықтайды. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: Автоматтандырылмаған 3. Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 23 шілдесіндегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 4-4 бабына сәйкес «Облыстардың жергілікті атқарушы органдары (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өзінің аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алуды жүзеге асырады». 4. Мемлекеттік қызметті «Ақтөбе облысының ішкі саясат департаменті» ММ көрсетеді (Ақтөбе қ-сы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40) Веб-сайт: www.akimat.info 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны Ақтөбе облысы аумағында таралатын шетелдік ақпарат құралдарының есепке алынғандығы жөніндегі анықтама беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы аумағында таралатын шетелдік БАҚ-тарды есепке алу үшін қажетті құжаттарды көрсеткен жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері: 1) Таратушы қажетті құжаттарды тапсырғаннан күннен бастап өтініш және оған қосымша құжаттар он бес күнтізбелік күн ішінде қаралады. 2) Қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін кезек күту үшін берілетін шекті уақыт мерзімі: 10 минутқа дейін 3) Құжаттарды алу кезінде кезекте барынша күту мерзімі, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі ретіндегі файлдың барынша мүмкін мөлшері: 10 минут, (1 файл). 8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 9. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық ақпарат мына Веб-сайтте орналасады: www.akimat.info. E - mail: aktobe@bk.ru Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |