|
|
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы №1235 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы»
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 684 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы №1235 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматының электрондық ақпарат жеткізгіші бар (сипаттама) паспортының үлгісінде: 9-тармақта: үшінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: «3-бетте тігінен мемлекеттік және ағылшын тілдерінде: МӘЛІМЕТ/OBSERVATІONS»; Мемлекеттік және орыс тілдерінде: «ҰЛТЫ/НАЦИОНАЛЬНОСТЬ» деген жазу орналасқан; Мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы азаматының паспортына ұлты иесінің қалауы бойынша көрсетіледі.». 2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |