|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 ақпандағы № 165 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Мемлекеттік тіркелуге тиісті тамақ өнімдерін әкелу (импорттау) ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 ақпандағы № 165 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 9, 92-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тіркелуге тиісті тамақ өнімдерін әкелу (импорттау) ережесінде: 8-тармақта: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) азықтарды және азық қоспаларын ветеринария саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғасы берген әкелуге (импорттауға) рүқсат;»; мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: «3) балалар тағамы азық-түлігіне, тағамдық қоспаларға, тамаққа қосатын биологиялық активті қоспаларға, генетикалық түрлендірілген объектілерге, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарға, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарға, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлеріне тіркеу куәлігі немесе Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген заттар мен өнімдердің мемлекеттік тізілімдерінде тіркеудің (одан әрі - тіркеу куәлігі) болуы.»; бірінші абзацта «өтініш» деген сөз «өтінім» деген сөзбен ауыстырылсын; «тамақ өнімдерін» деген сөздер «азықтар мен азық қоспаларын» деген сөздермен ауыстырылсын; 1) тармақшада «тамақ өнімдерінің» деген сөздер «азықтар мен азық қоспаларының» деген сөздермен ауыстырылсын; «уәкілетті органдардың» деген сөздер «ветеринария саласындағы уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын, «(бұдан әрі - бөлімше)» деген сөздер алынып тасталсын; 9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «9) Халықаралық Эпизоотиялық Бюроның жер бетінде өмір сүретін жануарлардың санитарлық кодексіне, Мал шаруашылығы жүктерін халықаралық және мемлекетаралық тасымалдау кезінде мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың бірыңғай ережесіне сәйкес азықтар мен ашық қоспаларының транзитіне қатысты басқа да ақпарат.»; екінші абзацта «Өтініш» деген сөз «Өтінім» деген сөзбен ауыстырылсын; 10-тармақ мынадай редақцияда жазылсын: «10. Ветеринария саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі 2 жұмыс күні ішінде өтінімді ветеринария саласындағы уәкілетті органға жібереді.»; 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «11. Ветеринария саласындағы уәкілетті орган өтінімді 5 жұмыс күні ішінде қарайды және азықтар мен азық қоспаларын әкелуге (импорттауға) рұқсатын беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Бас тартқан жағдайда себебін көрсетіп, жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі. Әкелуге (импорттауға) рұқсат белгіленген үлгідегі бланкіде ресімделеді және бөлімшеге жіберіледі, ол субъектінің қолына береді. Әкелуге рұқсаттың көшірмесі ветеринария саласындағы уәкілетті органның мұрағатында және оның бөлімшелерінде сақталады.»; бірінші абзацта: «тамақ өнімдерін» деген сөздер «азықтар мен азық қоспаларын» деген сөздермен ауыстырылсын; «30» деген сандар «60» деген сандармен ауыстырылсын; екінші абзац алынып тасталсын; 13-тармақ «әкелуге (импорттауға) рұқсатын» деген сөздер «азықтар мен азық қоспаларын әкелуге (импорттауға) рұқсатты немесе тіркеу куәлігін және экспорттаушы ел берген тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін куәландыратын құжатты» деген сөздермен ауыстырылсын; «тамақ өнімдерін әкелуге (импорттауға)» деген сөздер «азықтар мен азық қоспаларын әкелуге (импорттауға)» деген сөздермен ауыстырылсын, «рұқсатының» деген сөзден кейін «немесе тіркеу куәлігінің» деген сөздермен толықтырылсын; «бөлімшесіне» деген сөз «бөлімшелеріне» деген сөзбен ауыстырылсын; 20-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Тиісті Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің орталық мемлекеттік ветеринариялық қызметтерімен транзитке келісуді талап ететін азықтар мен азық қоспаларын әкелуге өтінішті қарау мерзімі 30 күннен аспайды.». 2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |