|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 және 2009 жылғы 13 қаңтардағы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында: «Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу» деген бөлімде: бірінші абзацтағы «Астана мен Алматы қалаларында», «Алматы және Астана қалаларында» деген сөздер «Астана, Алматы қалалары мен Алматы облысында», «Алматы, Астана қалаларында және Алматы облысында» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтағы «10,5 % - 12,5 %» деген сандар «9 % - 11 %» деген сандармен ауыстырылсын; 4-тармақтың бірінші абзацындағы «Астана және Алматы қалаларының» деген сөздер «Астана, Алматы қалалары мен Алматы облысының» деген сөздермен ауыстырылсын; «Шағын және орта бизнесті қолдау» деген бөлімде: төртінші абзацтағы «14 %» деген сандар «12,5 %» деген сандармен ауыстырылсын; 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 6 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында: «Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу» деген III бөлімде: «Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу жөніндегі жаңа тетіктерді іске асыру» деген кіші бөлімде: 2) тармақшаның екінші абзацындағы «12,5 %» деген сандар «11 %» деген сандармен ауыстырылсын; 10-тармақта: 1) тармақшадағы «12,5 %» деген сандар «11 %» деген сандармен ауыстырылсын; 2) тармақшадағы «10,5 %» және «12,5 %» деген сандар «9 %» және «11 %» деген сандармен ауыстырылсын; «Шағын және орта бизнесті қолдау» деген IV бөлімде: 1-тармақта: «-жылдық 12,5 %-дан аспайтын номиналдық ставка бойынша және» деген сөздер алынып тасталсын; «14 %» деген сандар «12,5 %» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |