Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 ақпандағы № 79 және 2008 жылғы 2 ақпандағы № 88 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2009 жылғы 18 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008-2009 жылдарға арналған перспективалық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 ақпандағы № 79 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 3, 38-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008-2009 жылдарға арналған перспективалық жоспарында: реттік нөмірлері 7, 8-жолдар алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 18-1, 18-2-жолдармен толықтырылсын:
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 ақпандағы № 88 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008 жылға арналған жоспарында: реттік нөмірлері 28, 29-жолдар алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|