|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 230 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 29 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 230 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 14, 124-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде: 1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Осы техникалық регламент Қазақстан Республикасының аумағында айналымдағы сүт және сүт өнімдеріне қолданылады, олар өнімдердің мынадай түрлерін қамтиды: 1) сүт шикізаты және кілегей шикізаты; 2) ішетін сүт және ішетін кілегей; 3) сүт қышқылды өнімдер; 4) сүзбе және сүзбе енімдері; 5) қаймақ; 6) сиыр сүтінен жасалған май; 7) сүтті, сүтті құрайтын, құрамында сүт бар консервілер; 8) майлы паста; 9) сары май-өсімдік спреді және ерітілген сары май-өсімдік қоспасы; 10) ірімшік және ірімшік өнімдері; 11) сүтті қайта өңдеудің қайталама өнімдері.»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы техникалық регламенттің қолданысына түскен сүт және сүт өнімдерінің түрлері Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының (бұдан әрі - ҚР СЭҚ ТН) 04-тобында, сондай-ақ 1517, 2105, 2106-кіші топтарында орналасқан.»; 3-тармақтағы «сүт өнімдерін» деген сөзден кейін «әзірлеумен (жасаумен),» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-бөлімдермен толықтырылсын:
«1-1. Қауіпті факторлар (қатерлер) 4-1. Сүт және сүт өнімдерінің өмірлік циклы процесінде туындайтын, адамның, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін азайтылатын қауіпті факторларға (қатерлерге): улы элементтердің, микотоксиндердің, пестицидтердің, радионуклидтердің, жануарлардың өсуін тездеткіштердің, гормонды препараттар мен дәрілік заттардың құрамы, сүт және басқа шикізаттың, технологиялық құралдардың, азықтық қоспалардың, дайын өнімдердің механикалық, микробиологиялық ластануы жатады. 4-2. Ықтимал қатерлер өнімнің өмірлік циклының мынадай сатылары (процестері) кезінде туындайды: 1) сүт өнімдерін әзірлеу (жасау); 2) өндіріске дайындауда, қоймаларда, өндірісітік үй-жайларда болғанда, машиналармен, жабдықтармен, материалдармен жұмыста; 3) сүт шикізаты мен сүтке жатпайтын шикізаты, оның ішінде сүт және сүт өнімдерінің өндірісіне арналған азықтық қоспалар мен ингредиенттерді қабылдау және дайындау; 4) сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау); 5) сақтау, тасымалдау, сату; 6) кәдеге жарату, жою.
1-2. Сүт және сүт өнімдерін сәйкестендіру 4-3. Сүт және сүт өнімдерін сәйкестендіру мынадай мақсаттарда жүргізіледі: 1) сүт және сүт өнімдерін осы техникалық регламенттің қолданылу саласына жатқызу; 2) сүт және сүт өнімдерінің, оның ішінде олардың атаулары мен сәйкестендіру көрсеткіштерінің осы техникалық регламент талаптарына сәйкестігін анықтау; 3) сүт және сүт өнімдерінің тұтынушыларға арналған ақпаратта, дайындаушы немесе сатушы ұсынған сәйкестік туралы декларацияда немесе сәйкестік сертификатында қамтылған мәліметтерге сәйкестігін анықтау; 4-4. Сүт және сүт өнімдерін сәйкестендіру осы техникалық регламент талаптарына сүт және сүт өнімдерінің сәйкестігін бағалау және растау кезінде, сондай-ақ, егер ақпаратта сүт және сүт өнімдері туралы толық емес сипаттама болған жағдайда жүргізіледі. 4-5. Сүт және сүт өнімдерін сәйкестендіруді: 1) сәйкестікті растау жөніндегі органдар және сәйкестікті растау рәсімін жүргізу кезінде сынақ зертханалары (орталықтары); 2) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласында бақылауды жүзеге асыру кезінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдар жүргізеді. 4-6. Сүт және сүт өнімдерін сәйкестендіру стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда, сүт және (немесе) сүт өнімдеріне арналған ілеспе құжаттарда, сүт және (немесе) сүт өнімдеріне арналған жеткізу шарттарында, келісім-шарттарда, өзіндік ерекшеліктерде, тұтыну орамының затбелгілеріндегі ақпартта және сүт және (немесе) сүт өнімдерінің сипаттамасын қамтитын басқа да құжаттарда келтірілген белгілерді ескере отырып жүргізіледі. 4-7. Сүт және сүт өнімдерінің жасандылығын анықтау мақсатында мынадай сәйкестендіру көрсеткіштері және басқа да көрсеткіштер бойынша сынақтар (зерттеулер) жүргізіледі: 1) дайын сүт өнімінде, сүт құрамды өнімдерде немесе құрамында сүт бар өнімдерде сүттің құрғақ заттарының (құрғақ сүт қалдығының) құрамы, олардың дайын өнімдегі пайызбен массалық үлесі (құрамында сары майы бар сүт өнімін қоспағанда); 2) сүтке жатпайтын майлардың құрамы және болуы, олардың сүттегі және сүт өнімдеріндегі пайызбен массалық үлесі; 3) сүт және сүт өнімдерінің май фазасындағы май қышқылы құрамы (майдың массалық үлесі кемінде 1,5 пайызды құрайтын сүт өнімдерін және майдың массалық үлесі кемінде 8 пайызды құрайтын балмұздақты қоспағанда); 4) сүт консервілеріндегі майсыздандырылған құрғақ сүт қалдығындағы және құрамында сүт бар консервілердегі ақуыздың құрамы, оның пайызбен массалық үлесі; 5) құрамында сүт бар консервілер және сары сулы ақуыздың және сүт консервілеріндегі казеиннің қатынасы. 4-8. Сүт және сүт өнімдеріне жүргізілген сәйкестендіру жүргізу нәтижелері сәйкестендіру жүргізу хаттамасы түрінде талданады және рәсімделеді, оның мазмұны мыналарды: 1) сүт және (немесе) сүт өнімдеріне сәйкестендіру жүргізген ұйым туралы мәліметтерді; 2) заңды тұлғаның тұрғылықты жері (мекен-жайы) және деректемелері, дара кәсіпкер жеке тұлғаның мекен-жайы, тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген сүт және (немесе) сүт өнімдерін дайындаушы туралы ақпаратты; 3) сәйкестендірілетін өнімдердің атауын, олардың жіктеу белгілерінің атауын; 4) оларға сәйкестендіру жүргізу кезінде пайдаланылған сүт немесе сүт өнімдері туралы мәліметтерді; 5) сүт немесе сүт өнімдерінің шығарылған күні, жарамдылық мерзімі, оларды сақтау шарттары, нақты таңбалауды, арнайы таңбалауды көрсету (арнайы таңбалау болған кезде); 6) сүт және (немесе) сүт өнімдерін аккредиттелген сынақ зертханаларында (орталықта) (өткізу керек болса) сынаудың (зерттеудің), оның ішінде органолептикалық көрсеткіштерін сынаудың (зерттеудің) нәтижелерін; 7) орам туралы, оның ішінде орам түрі туралы, сүт және сүт өнімдерін тұтыну орамындағы немесе тасымалдау ыдысындағы таза салмағы немесе көлемі туралы мәліметтерді; 8) осы өнім партиясының мөлшерін; 9) таңбалаудың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтерді; 10) соған сәйкес осы өнім өндірілген стандарттау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік құжаттардың (олар болған кезде) немесе осы өнімнің, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген өнімнің сипаттамасын қамтитын басқа да құжаттың (жеткізу келісім-шарты, сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік декларациясы, қауіпсіздікті растайтын құжат, осы өнімге өзіндік ерекшелік) атауын; 11) қосымша сынақтар (зерттеулер) (талап етілген жағдайда) жүргізу туралы қорытындыны, оның қажеттілігін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдар белгілейді; 12) осы өнімнің өтінім берілген атауға және (немесе) осы өнімнің нақты партиясына және оның декларияланатын көрсеткіштеріне сәйкестігі туралы қорытындыны қамтиды. 4-9. Сүт және сүт өнімдері Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда өндірістен және (немесе) айналымнан шығарылуы тиіс. 4-10. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкессіздік анықталған жағдайда жалған сүт және сүт өнімдерін өндіру және (немесе) өткізуді тоқтату бойынша шаралар қабылдайды және бұл жөнінде тұтынушыларды хабардар етеді.»; 8), 10), 15) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «8) пребиотикалық заттар (пребиотиктер) - адам тамаққа тамақ құрамында жүйелі тұтынғанда ас қорыту жолдарындағы қалыпты микрофлораның биологиялық белсенділігінің өсуіне және (немесе) артуына ықпал ету нәтижесінде адам ағзасына қолайлы әсер ететін зат немесе заттар кешені; 10) сүт өнімі - сүтке жатпайтын майларды және ақуызды пайдаланбай-ақ, функционалды қажетті ингредиенттерді қоса отырып немесе қоспай, сүттен және (немесе) оның құрамдас бөліктерінен өндірілген тамақ өнімі; 15) сүт өнімдері - сүт өнімдерін, құрамдас сүт өнімдерін, құрамында сүті бар өнімдерді, сүттен қайта өңделген жанама өнімдерді қамтитын сүтті қайта өңдеу өнімдері; 17) сүт шикізатын тазалау - сүтті механикалық қоспалардан және (немесе) микроорганизмдерден тазарту процесі;»; 21) тармақша «(мұздату, термизациялау, пастерлеу, зарарсыздандыру, ультрапастерлеу немесе ультражоғары температуралық өңдеу)» деген сөздермен толықтырылсын; 22), 23), 24) тармақшалар алынып тасталсын; 25) тармақшада «135оС-дан астам температурада кемінде 2 секунд ұстай отырып» деген сөздер «125-140оС-дан астам температурада кемінде 2-5 секунд ұстай отырып» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37), 38), 39), 40), 41), 42), 43), 44), 45), 46), 47), 48), 49), 50), 51), 52), 53), 54), 55), 56), 57), 58), 59), 60), 61) тармақшалармен толықтырылсын: «27) сүт - осы өнімге қандай да қоспа қосылмай немесе одан қандай да бір заттар алынып тасталмай, сауу кезіндегі лактация кезеңінде алынған, ауыл шаруашылығы жануарлары сүтіндегі темірдің қалыпты физиологиялық секрециясы өнімі; 28) қалпына келтірілген сүт - қоюлатылған немесе қойытылған немесе құрғақ табиғи сүттен немесе құрғақ майсыздандырылған сүттен және судан өндірілген сүт өнімі; 29) сүтті қайта өңдеудің жанама өнім - сүтті қайта өңдеу өнімдерін өндіру процесінде алынған жанама өнім; 30) қайталама сүт шикізаты - ішінара жойылған сәйкестендіру белгілері немесе тұтынушылық қасиеттері бар қайта өңдеуден кейін пайдалануға арналған сүтті қайта өңдеудің жанама өнімі, сүт өнімі (оның ішінде олардың жарамдылық мерзімі шегінде қайтарып алынған, бірақ азық-түлік шикізатына қойылатын қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін өнімдер); 31) ішетін сүт - майдың массалық үлесі 9 пайыздан аспайтын, сүт шикізатынан дайындалған және термикалық өңдеуге ұшыраған, құнарландырылған немесе қойытылған сүттен немесе құрғақ қаймағы алынбаған сүттен немесе құрғақ майсыздандырылған сүттен және судан жасалған әрі тұтынушылық ыдысқа құйылған сүт өнімі; 32) ішетін кілегей - термикалық өңдеуге ұшыраған және тұтынушылық ыдысқа құйылған кілегей; 33) ұйытылған өнім - сүт қышқылды өнім өндіру технологиясына сәйкес өндірілген және олармен үйлес органолептикалық, физика-химиялық қасиеттерге ие, құрамында сүті бар өнім; 34) қаймақ - сүт өнімдерін қоса отырып немесе оларды қоспай ашытатын микроорганизмдер - лактококтарды немесе лактококк қоспаларын және гермофилді қышқылды сүт стрептококтарды пайдалана отырып кілегейді ұйыту жолымен өндірілген және онда майдың массалық үлесі кемінде 9 пайызды құрайтын сүт қышқылды өнім; 35) сүзбе - ашытатын микроорганизмдер - лактококтарды немесе лактококк қоспаларын және термофилді қышқылды сүт стрептококтарды және өздігінен нығыздау, нығыздау, центрифугалау және (немесе) ультрафильтрациялау жолымен сарысуды кейіннен жою арқылы ақуыздар коагуляциясының қышқыл немесе қышқыл-мәйекті әдістерін пайдалана отырып өндірілген сүт қышқылды өнім; 36) сүзбе өнімдері - сүт өнімдерін қоса отырып немесе оларды қоспай, сүтке жатпайтын компоненттерді, оның ішінде сүтке жатпайтын майларды және (немесе) ақуыздарды қоса отырып немесе оларды қоспай, кейіннен термикалық өңдеу арқылы немесе оларсыз, сүзбе өндірісі технологияларына сәйкес сүзбеден және (немесе) сүтті қайта өңдеу өнімдерінен өндірілген сүт өнімі, құрамдас сүт өнімдері немесе құрамында сүті бар өнім. Егер дайын сүтті немесе құрамдас сүтті сүзбе өнімінде массалық үлесі кемінде 75 пайыз сүттің құрамдас бөлігі болса және ондай өнім арнайы органолептикалық және физика-химиялық қасиеттерге қол жеткізу мақсатында термикалық өңдеуге және пісіп-жетілуге ұшырамаса, мұндай өнімдерге қатысты «сүзбе ірімшігі» үғымы пайдаланылады; 37) сүтке жатпайтын компоненттер - сүтті қайта өңдеу өнімдеріне қосылатын, минералдан, өсімдіктен, малдан алынатын тамақ өнімдері; 38) майлы паста - сүттің құрамдас бөлігін ауыстыру мақсатында емес сүтке жатпайтын компоненттерді қоса отырып немесе оларды қоспай тұрақтандырғыштарды пайдалану жолымен сиыр сүтінен, сүт өнімінен және (немесе) сүтті қайта өңдеудің жанама өнімдерінен ендірілген эмульсиялы май негізіндегі сүт өнімі немесе құрамдас сүт өнімі, онда майдың массалық үлесі 39-дан бастап 40 пайызға дейін құрайды; 39) сары май-өсімдік спреді - эмульсиялы май негізіндегі сүтті қайта өңдеу өнімі, онда жалпы майдың массалық үлесі 39-дан бастап 95 пайызға дейін және май фазасындағы сүтті майдың массалық үлесі 50-ден 95 пайызға дейін құрайды; 40) құрғақ табиғи сүт - құрғақ сүт өнімі, онда құрғақ заттардың массалық үлесі кемінде 95 пайызды, сүттің құрғақ майсыздандырылған заттарындағы ақуыздың массалық үлесі кемінде 34 пайызды және майдың массалық үлесі 20 пайызды құрайды; 41) құрғақ майсыздандырылған сүт - құрғақ сүт өнімі, онда сүттің құрғақ заттарының массалық үлесі кемінде 95 пайызды, сүттің құрғақ майсыздандырылған заттарындағы ақуыздың массалық үлесі кемінде 34 пайызды құрайды және майдың массалық үлесі 1,5 пайыздан артық емес болады; 42) қорытылған май - май фазасын еріту жолымен сары майдан өндірілген және арнайы органолептикалық қасиеттерге ие сиыр сүтінен алынған май, онда майдың массалық үлесі кемінде 99 пайызды құрайды; 43) кілегей - сүттен және сүт өнімдерінен өндірілген, май әмульсиясын және сүт плазмаларын білдіретін сүт өнімі және онда майдың массалық үлесі кемінде 9 пайызды құрайды; 44) кілегей шикізаты - кемінде 45оС температура кезінде термикалық өңдеуге ұшырамаған шикізат; 45) ірімшік - сүт ұйытушы ферменттердің көмегімен немесе оларды пайдаланбай сүт ақуыздарының коагуляциясын қамтамасыз ететін арнайы ұйытқылар, технологияларды пайдалана отырып немесе сүттің құрамдас бөлігін ауыстыру мақсатында емес сүтке жатпайтын компоненттерді қоса отырып немесе қоспай кейіннен сүт салмағын сарысудан бөліп алу, оны калыпқа түсіру, нығыздау, тұздау, жетілдіру немесе жетілдірмеу арқылы қышқылды немесе термоқышқылды тәсілмен сүттен, сүт өнімдерінен және (немесе) сүтті қайта өңдеудің жанама өнімдерінен өндірілген сүт өнімі немесе құрамдас сүт өнімі; 46) балқытылған ірімшік - балқыту үшін сүттің құрамдас бөлігін ауыстыру мақсатында емес сүтке жатпайтын компоненттерді қоса отырып немесе қоспай қоспаларды ұсату, араластыру, балқыту және эмульгациялау жолымен сүт өнімдерін және (немесе) сүтті қайта өңдеудің жанама өнімдерін, эмульгациялайтын тұздарды немесе құрылым құрушыларды пайдалану арқылы ірімшіктен және (немесе) сүзбеден өндірілген сүт өнімі немесе құрамдас сүт өнімі; 47) ірімшік өнімі - ірімшік өндірісі технологиясына сәйкес өндірілген құрамында сүті бар өнім; 48) сиыр сүтінен алынған май - басым құрамдас бөлігі сүттен алынатын май болып табылатын, сиыр сүтінен, сүт өнімдерінен және (немесе) сүтті қайта өңдеудің жанама өнімдерінен олардың май фазасын бөліп алу және сүттің құрамдас бөлігін ауыстыру мақсатында емес сүтке жатпайтын компоненттерді коса отырып немесе оларды қоспай ондағы сүт плазмасын бірдей бөлу жолымен өндірілген эмульсиялы май негізіндегі сүт өнімі немесе құрамдас сүт өнімі; 49) сары май - майдың массалық үлесі қоса алғанда 50-ден 85 пайызға дейін құрайтын, сиыр сүтінен алынған май; 50) қалыпқа келтірілген сүтті қайта өңдеу өнімі - майдың, ақуыздың және (немесе) сүттің құрғақ майсыздандырылған заттарының немесе олардың қатынасының массалық үлесінің көрсеткіштері стандарттармен, нормативтік құжаттармен, ережелер жиынтығымен және (немесе) техникалық құжаттармен сәйкес келтірілген сүтті қайта өңдеу өнімі; 51) пломбир - балмұздақ (сүт өнімі немесе құрамдас сүт өнімі), ондағы сүт майының массалық үлесі 12 пайыздан 20 пайызға дейін құрайды; 52) балмұздақ - көпіртілген, мұздатылған және мұздатылған түрде қолданылатын тәтті сүт өнімі, құрамдас сүт өнімі немесе құрамында сүті бар өнім; 53) кілегейлі балмұздақ - ондағы сүт майының массасының үлесі 8 пайыздан 11,5 пайызға дейін құрайтын балмұздақ (сүт өнімі немесе құрамдас сүт өнімі); 54) сүт, сүтті құрайтын, құрамында сүті бар консервілер - өңдеу (стерильдеу, қойылту, кептіру, ортаның және орамның осматикалық қысымын арттыратын заттарды қосу) нәтижесінде ұзақ уақыт бойы елеулі өзгерістерге ұшырамай өз қасиетін сақтайтын сүт, сүтті құрайтын, құрамында сүті бар өнімдер; 55) ашытқы - арнайы таңдап алынған және сүтті қайта өңдеу өнімдері өндірісі үшін пайдаланылатын қышқылды сүт микроорганизмдері басым патогенсіз, токсигенсіз микроорганизмдер және (немесе) микроорганизмдер ассоциациясы; 56) ашыту - ашытатын микроорганиздер қысымымен сүтте және оны қайта өңдеу өнімдерінде ұйыған сүт жасау процесі. Ашыту белсенді қышқыл көрсеткішін (рН) төмендетумен және сүт қышқыл құрамының артуымен ілесе жүреді; 57) ұйыту - сүттегі және оның қайта өңдеу өнімдеріндегі ақуыз коагуляциясы процесі. Ұйыту сүт ұйытқыш ферменттер препараттары және ақуыз коагуляциясына ықпал ететін заттар мен факторлар әсерімен жүзеге асырылады; 58) қоюлату (қойыту) - қоюлатылған және қойылтылған сүтті қайта өңдеу өнімдері өндірісі кезінде қолданылатын және сүтті қайта өңдеу өнімдерінен суды ішінара жою жолымен жүзеге асырылатын процесс; 59) кептіру - сүтті қайта өңдеудің құрғақ өнімдері өндірісі кезінде қолданылатын және құрғақ заттардың үлес салмағын 90 пайыз және одан да артық мәнге жеткізгенге дейін сүтті қайта өңдеу өнімдерінен ылғалды жою жолымен жүзеге асырылатын процесс; 60) көпірту - сүтті қайта өңдеу өнімдері өндірісі кезінде қолданылатын және өнімді қарқынды араластыру жолымен жүзеге асырылатын және оның көлемін ұлғайтумен бірге жүргізілетін процесс; 61) сүттің құрамдас бөліктері - құрғақ заттар (сүт майы, сүт ақуызы, сүтті қант (лактоза), ферменттер, витаминдер, минералды заттар), су.»; 7-тармақтың 2) тармақшасы «өнімдері» деген сөзден кейін «, оны қолдану және сақтау шарттары» деген сөздермен толықтырылсын; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Сүт және сүт өнімдерін өткізу сүт және сүт өнімдерінің нақты түрлерін сақтау шарттары сақталған кезде нормативтік құжаттармен белгіленген жарамдылық мерзімі шегінде жүзеге асырылады.»; «сүт-шикізаты» деген сөздерден кейін «және кілегей шикізаты» деген сөздермен толықтырылсын; «алынуы тиіс» деген сөздер «алынады» деген сөзбен ауыстырылсын; екінші сөйлем алынып тасталсын; «сүт және сүт өнімдерінде» деген сөздер «сүт шикізатында және кілегей шикізатында» деген сөздермен ауыстырылсын; «рұқсат етілген деңгейден (нормадан) аспауға» деген сөздер «рұқсат етілген шекті деңгейден (нормадан) аспауға» деген сөздермен ауыстырылсын; мындай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Сүт шикізатында және кілегей шикізатында жуу, дезинфекциялау, бейтараптандыру құралдарының қалдықтары болуына жол берілмейді.»; 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «19. Өндірісте пайдаланылатын сүт шикізаты, кілегей шикізаты, сүтке жатпайтын компоненттер, тағамдық қоспалар, технологиялық заттар кіріс биқылауға ұшырайды. Оларды сақтау және сүт пен сүт өнімдерін өндіруге дайындау қайта өңдеу өнімдерінің адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне ластануды болдырмайтын шарттармен жүзеге асырылады. Технологиялық мақсатта пайдаланылатын су ауыз су қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес болуы тиіс.»; 28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «28. Ластанудың ықтимал қатері бар сүт және сүт өнімдерін өндірудегі сындарлы нүктесі мынадай технологиялық процестер болып табылады: көпірту, қалпына келтіру, ингредиенттерді қосу, қоюлату, нормалау, байыту, тазалау, балқыту, рекомбинирлеу, ұйыту, қойылту, ұйыту, ашыту, еріту, кептіру, термо өңдеу, буып-түю, орама, сақтау, өнімнің ерекшелігіне және өндірілген сүт өнімінің түріне байланысты тағы басқа арнайы технологиялық процестер. Көрсетілген процестер шикізаттардың және жартылай фабрикаттардың екінші рет ластануын болдырмау үшін нормативтік және техникалық құжаттарда белгіленген режимдер мен талаптарды орындау арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Өндіріс және технологиялық жабдықтар жұмыс үшін (техникалық қызмет көрсету, тазарту және майсыздандыру) қызмет көрсетуші персоналдың жұмысқа еркін кіруін қамтамасыз ететіндей болып құрастырылуы тиіс»; 29-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Ластануды болдырмау мақсатында кешенді технологиялық желілерге жатпайтын сүтті тазалау, қосалқы шикізатты дайындау, қайта өңдеу, өнімді буып-түю жөніндегі қондырғылар бір-бірінен оқшауландырылған үй-жайларда, сондай-ақ қойма үй-жайларынан бөлек орналастырылады.»; 32-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Нақты өнім түрлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі арнайы технологиялық процестердің кезеңділігі мен тиімділігін бақылау әдістері өндірістік бақылау бағдарламасында белгіленеді.»; «жолымен қолдауға ие болуы тиіс» деген сөздер «өндіріс процесіне қойылатын талаптарды сақтау жолымен қамтамасыз етіледі» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне, жарамдылық мерзіміне қойылатын талаптар оны әзірлеу (жасау) кезіндегі нормативтік-техникалық құжаттарда белгіленеді.»; 35 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «35. Сатуға арналған сүт шикізатында, кілегей шикізатында, сүт және сүт өнімдерінде санитарлық-эпидемиологиялық ережелерде және нормаларда белгіленген деңгейден жоғары микроорганизмдердің болуына жол берілмейді. 37. Микробиологиялық қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша А және Б тобының консервілері өнеркәсіптік зарарсыздандыру талаптарына сәйкес болуы тиіс.»; 40, 41-тармақтар алынып тасталсын; 42-тармақтың бірінші абзацындағы «денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын; 46-тармақтағы «инфекциялық аурулар бойынша қолайлы аумақтарда орналастырылады және» деген сөздер алынып тасталсын; 50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «50. Сүт және сүт өнімдерін сақтауға арналған үй-жайларда сүт өнімдерін өндіруге (дайындауға) қатысы жоқ тағамдық емес материалдарды, қалдықтарды, тамақ өнімдері мен шикізатты бірге сақтауға тыйым салынады. Сүт және сүт өнімдерін сақтау өнімнің сақталуы ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен және нормаларымен және осы техникалық регламентпен белгіленген қауіпсіздік көрсеткіштеріне сәйкес қамтамасыз етілетін шарттарда жарамдылық мерзімі ішінде жүзеге асырылады.»; 51-тармақтың төртінші, бесінші, алтыншы абзацтары алынып тасталсын; 52-тармақтың 5) тармақшасындағы «немесе сақтау» деген сөздер алынып тасталсын; 55 және 56-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «55. Сүт және сүт өнімдерін таңбалау «Орауға, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптарына, сондай-ақ осы бөлімге сәйкес жүзеге асырылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |