«Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 шілдедегі № 273 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 7) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. «Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4354 болып тіркелген, 2006 жылғы 15 қыркүйектегі № 166 (1146) «Заң газеті» газетінде жарияланған)» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 шілдедегі № 273 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу ережесінде: 2-тармақта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) аттестаттау - Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) аудиторлыққа кандидаттардың білімін және дағдыларын Ереженің 6-тармағында көрсетілген пәндер бойынша біліктілік емтихандар қабылдау арқылы анықтау рәсімі;»; 2) тармақшада «білімін тексеру» деген сөздер «білімін мен дағдыларын тексеру нысаны» деген сөздермен толықтырылсын; 3) тармақшада «аудит саласында тәжірибелік қызмет үшін қажетті аудиторлыққа кандидаттың білімін, дағдысы мен іскерлігін тексеруді ескере отырып» деген сөздер «аудиторлыққа кандидаттың аудиторлық қызмет саласында қажетті білімін және дағдыларын тексеру үшін» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақта «соңғы 5 (бес) жылдың» деген сөздер алынып тасталсын; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау Комиссия жыл сайынғы бекітілетін жұмыс жоспарларына сәйкес әр 3 (үш) айда, жылына 4 (төрт) рет жүргізіледі.»; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Аудиторлыққа кандидаттар мынадай пәндер бойынша емтихан тапсырады: бухгалтерлік есеп; қаржы және қаржы менеджменті; салық және салық салу; азаматтық құқық; банктік іс; сақтандыру және зейнетақы заңнамасы; аудит. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|