«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарының магистратурасына іріктеу және қабылдау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 13 сәуірдегі № 221 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 279 бұйрығымен күші жойылды
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары үшін басшы және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауды жетілдіру үшін БҰЙЫРАМЫН: «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарының магистратурасына іріктеу және қабылдау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 13 сәуірдегі № 221 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2864 болып тіркелген, 2005 жылғы 27 қазанда «Заң газетінде» жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 2-тармақта «Ішкі істер бас басқармаларының, Ішкі істер басқармаларының, Көліктегі ішкі істер басқармаларының» деген сөздер «Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындары магистратурасына іріктеу және қабылдау ережелерінде: бүкіл мәтін бойынша «ІІББ, ІІБ, КІІБ» деген аббревиатуралар «ІІД, КІІД» деген аббревиатуралармен ауыстырылсын; 2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «2. Магистратура «Заңтану» және «құқық қорғау қызметі» мамандықтары бойынша басшы, ғылыми және педагогикалық кадрлар резервін даярлауды жүзеге асырады. 3. Бейіндік бағыт бойынша магистратурада оқу мерзімі - кемінде бір жыл, ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша - екі жыл. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|