|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 415 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 415 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға қосымшада: Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін: Құлназаров Анатолий Қожекенұлы - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы; Майлыбаев Бағлан Асаубайұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі; Сембинов Болат Қаскенұлы - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант; Вощенкова Тамара Анатольевна - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі; Федоров Олег Анатольевич - Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі; Тұңғышбеков Санат Тұңғышбекұлы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ауылдық аумақтар істері комитетінің төрағасы; Сейітбатталов Бағдат Жұмабекұлы - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті директорының міндетін атқарушы; көрсетілген құрамнан Өскенбаев Қайырбек Айтбайұлы, Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы, Жанасаев Болат Бақытжанұлы, Омаров Қадыр Тоқтамысұлы, Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы шығарылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |