|
|
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 249-бабының 3 тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) «Республикалық мал шаруашылығын асылдандыру орталығы «Асыл түлік» акционерлік қоғамы акцияларының 94,89 % мемлекеттік пакетін «ҚазАгроИнновация» акционерлер қоғамының орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге беруді; 2) «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының жарияланған акциялары санын ұлғайтуды және «Республикалық мал шаруашылығын асылдандыру орталығы «Асыл түлік» акционерлер қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін беру жолымен орналастырылатын акцияларына ақы төлеуді; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: «Ақмола облысы» деген бөлімде: реттік нөмірі 13-6-жол алынып тасталсын; 2) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: көрсетілген қаулының қосымшасында: «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне» деген бөлімде: реттік нөмірі 205-10-жол алынып тасталсын; 3) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: «Акционерлік қоғамдар» деген 2-бөлімде: реттік нөмірі 63-жол алынып тасталсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |