|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 330-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде: «Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 68-жолмен толықтырылсын: «
»; «Магистралдық мұнай құбырлары» деген бөлімде: реттік нөмірі 3-жолдағы 2-баған «(«Өзен» БМАС-тан (0 км.) Ресей Федерациясының шекарасына дейін (1237,4 км.) ұзындығы 1237,4 км.)» деген сөздермен толықтырылсын; реттік нөмірі 14-жолдағы 2-баған «(Ресей Федерациясының шекарасынан (214,7 км.) «Павлодар» БМАС-қа дейін (437,3 км.) ұзындығы 222,6 км.)» деген сөздермен толықтырылсын; «Атом » деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2-жолмен толықтырылсын: «
»; Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «ЕМК - еншілес мемлекеттік кәсіпорын». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |