|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде: 4) тармақшада: бесінші абзацтағы «ветеринариялық қадағалауға» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық бақылауға» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын: «ветеринария;»; 24) тармақшада «тіркеу» деген сөзден кейін «, өндіру» деген сөзбен толықтырылсын; 26) тармақшада: «бекітеді» деген сөз «келіседі» деген сөзбен ауыстырылсын; «және карантиндік іс-шараларды» деген сөздер «іс-шараларды және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды» деген сөздермен ауыстырылсын; 31) тармақшада «мемлекеттік» деген сөз алынып тасталсын; 32) тармақшада «инспектордың» деген сөзден кейін «және өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың» деген сөздермен толықтырылсын; 39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «39) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық іс-шараларды, ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен нормаларды, бірдейлендіру есебін қоса алғанда, ветеринариялық есеп пен есептілік нысандарын, ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу, оларды табыс ету тәртібін, сондай-ақ ветеринария саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;»; «әзірлейді және» деген сөздер алынып тасталсын; «адамдар мен жануарлардың» деген сөздер «жануарлар мен адам» деген сөздермен ауыстырылсын; «(жүктерді)» деген сөз алынып тасталсын; 148) және 149) тармақшаларда «ветеринарлық қадағалануға» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық бақылауға» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 163), 164), 165), 166), 167), 168), 169), 170), 171), 172), 173), 174), 175), 176), 177), 178), 179), 180), 181), 182), 183) тармақшалармен толықтырылсын: «163) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының ұсынуы бойынша профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекітеді; 164) ветеринария саласындағы қызметті лицензиялаудың біліктілік талаптары мен ережелерінің жобаларын әзірлейді; 165) ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау ережесін бекітеді; 166) аумақты аймақтарға бөлу тәртібін айқындайды; 167) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын келіседі; 168) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру, пайдалану және есептен шығару тәртібі мен нормативін бекітеді; 169) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын мемлекеттік сатып алуды, сақтауды, пайдалануды және есептен шығаруды ұйымдастырады; 170) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын пайдалану кезінде оларды есептен шығару, сондай-ақ оларды сақтау мерзімдері өткеннен кейін жою немесе зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша мақсатына қарай пайдалануға жарамсыз деп тану тәртібі мен нормативін бекітеді; 171) Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды; 172) тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру тәртібін бекітеді; 173) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу туралы және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импортына рұқсат беретін ұйымдарды айқындау туралы шешім шығарады; 174) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру тәртібін әзірлейді және береді; 175) ұйымдарда ветеринария саласында пайдаланылатын жануарлар ауруларын қоздырушы штаммдардың пайдаланылуына, тасымалдануына (жеткізілуіне), сақталуына және жойылуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асырады; 176) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің сынамалар іріктеу тәртібін айқындайды; 177) ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ұсынымдар мен әдістемелік нұсқауларды келіседі; 178) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері туралы үлгі ережені әзірлейді; 179) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру тәртібін әзірлейді; 180) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу ережелерін бекітеді; 181) жеке және заңды тұлғаларға экспорттау, импорттау және транзиттеу еліндегі эпизоотиялық жағдай туралы ақпарат береді; 182) кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру тәртібін әзірлейді; 183) жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;»; 3) тармақшада «ветеринарлық қадағалануға» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық бақылауға» деген сөздермен ауыстырылсын; 24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «24) жаңа ветеринариялық препараттарға, жемшөп пен жемшөп қоспаларына, аспаптарға, құрал-саймандарға қорытындылар беру;»; 25) тармақшада «ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық бақыланатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің» деген сөздермен ауыстырылсын; 30) тармақшада «Қазақстан» деген сөздің алдында «пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу және» деген сөздермен толықтырылсын; 31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «31) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру және олардың жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;»; 37) тармақшада «осы аймақтарда міндетті іс-шараларды жүргізу тәртібін әзірлейді» деген сөздер «осы аймақтарда өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін әзірлеу және олардың жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру» деген сөздермен ауыстырылсын; 71) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «71) жануарлар аурулары бойынша эпизоотиялық мониторинг жүргізу, эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеу;»; 72) тармақшада «ветеринарлық қадағалануға» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық бақылауға» деген сөздермен ауыстырылсын; 73) және 74) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «73) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының мемлекеттік тізілімін жүргізу; 74) жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, тамақ өнімін, жемшөп, жемшөп қоспаларын өндіруге арналған нормативтік-техникалық құжаттаманы уәкілетті органмен келісу;»; 75) тармақшада «ветеринарлық қадағалануға» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық бақылауға» деген сөздермен ауыстырылсын; 112) тармақшада «елдерде» деген сөз «мемлекеттерде» деген сөзбен ауыстырылсын; 113) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «113) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтерді (улы химикаттарды), оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;»; мынадай мазмұндағы 113-1) тармақшамен толықтырылсын: «113-1) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын құру;»; 114) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «114) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді (улы химикаттарды) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөлу;»; 121), 122) және 123) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «121) ветеринариялық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және ветеринария саласындағы мамандарды қайта даярлау; 122) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық препараттарды және оларды сақтау, тасымалдау (жеткізу) және пайдалану жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру; 123) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;»; 124) тармақшада «ветеринариялық» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық» деген сөздермен ауыстырылсын; 125) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «125) ауру таралмаған немесе ауру аз таралған аумақты немесе оның бөліктерін айқындау, осы аумақтардан экспортталатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру, импортталатын елге растауды беру және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда, оның өкілдерінің осы аумақтарда инспекция жүргізуге қол жеткізуін қамтамасыз ету;»; 126) тармақшада «ел» деген сөз «Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын; 134) тармақшада «ветеринариялық қадағалануға» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық бақылануға» деген сөздермен ауыстырылсын; 162) тармақшада «ветеринариялық қадағалауды» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық бақылауды» деген сөздермен ауыстырылсын; 163) тармақшада «ветеринариялық қадағалау» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын; 165) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «165) ішкі сауда объектілерінде, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақыланатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (өткізу) кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру;»; 177) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «177) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын, аспаптарды, құрал-саймандарды байқаудан өткізуді, бақылауды, оларды тіркеу сынақтарын жүзеге асыру;»; мынадай мазмұндағы 186-1) тармақшамен толықтырылсын: «186-1) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;»; 187) тармақшада «өсімдіктер карантині жөніндегі шекаралық пункттер мен бекеттерге» деген сөздер «фитосанитариялық бақылау бекеттеріне» деген сөздермен ауыстырылсын; «өсімдіктер карантині бойынша» деген сөздер «фитосанитариялық бақылау бекеттерінде» деген сөздермен ауыстырылсын; «шекаралық пункттер мен бекеттерде» деген сөздер алынып тасталсын; 191) тармақшада «республиканың кәсіпорындарында және рыноктарда» деген сөздер «Қазақстан Республикасының ішкі сауда объектілерінде және ұйымдарында» деген сөздермен ауыстырылсын; 192) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «192) өсімдік текті өнімді өсіретін, дайындайтын, жинайтын, қайта өңдейтін және өткізетін ұйымдарға, ішкі сауда объектілеріне, шаруа (фермер), үй жанындағы және саяжай қожалықтарының аумағы мен үй-жайларына, ауыл шаруашылығы, орман, су және басқа да мақсаттағы жерлерге тұрақты бақылау іріктеу зерттеулерін жүргізу;»; 193) тармақша алынып тасталсын; 194) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «194) мыналарды: Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзудың анықталып жойылғаны туралы; өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың орындалғаны туралы нұсқаманы беру және оның орындалуын бақылау;»; мынадай мазмұндағы 194-1) тармақшамен толықтырылсын: «194-1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және негіздерде дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы сотқа талап арыз жіберу;»; 196) тармақша алынып тасталсын; 199) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «199) мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;»; 200) тармақша алынып тасталсын; 213) тармақшада «ветеринариялық қадағалануға» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық бақылануға» деген сөздермен ауыстырылсын; 214) және 215) тармақшалардағы «ветеринариялық қадағалануға», «ветеринариялық қадағалауды» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық бақылануға», «ветеринариялық-санитариялық бақылауды» деген сөздермен ауыстырылсын; 215) тармақшада «ветеринариялық қадағалануға» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық бақылануға» деген сөздермен ауыстырылсын; 224) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «224) жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу, диагностикасы және оларды жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды бекіту, ұйымдастыру және қамтамасыз ету;»; мынадай мазмұндағы 236), 237), 238), 239) және 240) тармақшалармен толықтырылсын: «236) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінің қауіпсіздігін, ветеринариялық-санитариялық жағдайды бақылау; жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуы және олардың азықтан улану себептері мен жағдайларын табу әрі анықтау; 237) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің жүргізілуін бақылау; 238) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар бөлімшелерінің қызметін бақылау; 239) жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу; 240) қызметтің мынадай кіші түрлерін: ветеринариялық емдеу-алдын алуды; ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру мен өткізуді; ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткізуді; ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын тұлғаларды бақылау.». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |