Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 1846 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Шолпанқұлов Берік Шолпанқұлұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Есенов Амангелді Сағандекұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару, ішкі қаржылық бақылау әдіснамасы және бюджеттік кредит беру департаменті бюджеттік кредит беру басқармасының бастығы, хатшы |
Есқалиев Ерхат Серікұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі |
Мағауов Әсет Маратұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі |
Ысқақов Жәнібек Сапарұлы | - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары (келісім бойынша) |
Тәшенев Бахытбек Хәкімұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару, ішкі қаржылық бақылау әдіснамасы және бюджеттік кредит беру департаментінің директоры |
Айтжанов Дәулет Рымтайұлы | - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және олардың алдын алу департаментінің бастығы (келісім бойынша) |
Бектеп Мүслім Хайдарұлы | - «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының басқарушы директоры - басқарма мүшесі (келісім бойынша) |
Ибрагимова Ләззат Еркінқызы | - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша); |
мына:
«Нұрғалиев Жақай Жұбайұлы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы (келісім бойынша)» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Нұрғалиев Жақай Жұбайұлы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі (келісім бойынша)»; |
көрсетілген құрамнан: Руслан Ерболатұлы Дәленов, Алтын Теңізбайқызы Теңізбаева, Еділ Құламқадырұлы Мамытбеков, Болат Оралұлы Ақшолақов, Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов, Арыстан Кенжетайұлы Қабыкенов, Нұрлан Әмзебайұлы Жұмабаев, Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев, Дәулет Бақбергенұлы Бақберген шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |