|
|
|
Қазақстан Республикасының
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат): 1102-бап мынадай редакцияда жазылсын: «1102-бап. Мемлекеттің шетелдік элементі бар азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысуы 1. Мемлекет қатысатын шетелдік элементі бар азаматтық-құқықтық қатынастарға, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, осы бөлімнің ережелері жалпы негіздерде қолданылады. 2. Қазақстан Республикасы шетелдік элементі бар азаматтық-құқықтық қатынастарда, егер: Қазақстан Республикасының халықаралық шартында; Қазақстан Республикасының халықаралық шарты болып табылмайтын жазбаша келісімде; сотта мәлімдеме жасау немесе нақты іс қарау шеңберінде жазбаша хабардар ету арқылы өзгеше белгіленбесе, соттық иммунитетті, талап қоюды қамтамасыз етуден иммунитетті және сот актісін мәжбүрлеп орындатудан иммунитетті қоса алғанда, басқа мемлекет соттарының юрисдикциясынан өзіне және өзінің меншігіне қатысты юрисдикциялық иммунитетті пайдаланады.». 2. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; 2009 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 23 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білікті заң көмегін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 33-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «4. Қазақстан Республикасының және оның меншігінің юрисдикциялық иммунитетін шет мемлекеттің бұзуынан келтірілген залалдарды өтеу туралы талап қоюлар, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, талап қоюшының тұрған жері бойынша беріледі.»; 2) 159-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: «Шет мемлекеттің Қазақстан Республикасының аумағындағы корреспонденттік шотындағы ақшаға тыйым салуға Қазақстан Республикасының және оның меншігінің юрисдикциялық иммунитетін шет мемлекеттің бұзуынан келтірілген залалдарды өтеу туралы талап қоюлар бойынша жол беріледі.»; 3) 249-баптың 5) тармақшасы «аралық соттың» деген сөздерден кейін «немесе халықаралық коммерциялық төреліктің» деген сөздермен толықтырылсын; 4) мынадай мазмұндағы 46-тараумен толықтырылсын: «46-тарау. Шет мемлекеттің және оның меншігінің юрисдикциялық иммунитетi 427-бап. Шет мемлекеттің иммунитетi Шет мемлекет Қазақстан Республикасында, осы Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда, соттық иммунитетті, талап қоюды қамтамасыз етуден иммунитетті және сот актісін мәжбүрлеп орындатудан иммунитетті қоса алғанда, юрисдикциялық иммунитетті пайдаланады. 428-бап. Соттық иммунитет Осы Кодекстің ережелеріне сәйкес шет мемлекет, егер ол соттық иммунитеттен бас тартуға келіссе не осы Кодекстің 434-бабына сәйкес шет мемлекетке иммунитет қолданылмайтын болса, сондай-ақ, егер ол мемлекеттің егеменді билігін жүзеге асырғандағыдан өзге қызметті жүзеге асырса, оның ішінде осы Кодекстің 435-441-баптарында көрсетілген жағдайларда соттық иммунитетті пайдаланбайды. 429-бап. Шет мемлекеттің Қазақстан Республикасы сотының юрисдикциясына келісуi 1. Егер шет мемлекет тиісті мәселеге немесе іске қатысты, атап айтқанда: 1) Қазақстан Республикасының халықаралық шартында; 2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарты болып табылмайтын жазбаша келісімде; 3) Қазақстан Республикасының сотында мәлімдеме жасау немесе нақты іс қарау шеңберінде жазбаша хабардар ету арқылы Қазақстан Республикасы сотының юрисдикцияны жүзеге асыруына тікелей келісім білдірсе, ол соттық иммунитеттен бас тартуға келіскен деп танылады. 2. Шет мемлекеттің соттық иммунитеттен бас тартуға келісуі оның талап қоюды қамтамасыз етуден иммунитет пен сот актісін мәжбүрлеп орындатудан иммунитеттен бас тартуға келісуі ретінде қарастырылмайды. 3. Шет мемлекеттің Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдануға келісуі оның соттық иммунитеттен бас тартуға келісуі ретінде қарастырылмайды. 430-бап. Шет мемлекеттің сотта іс қарауға қатысуы 1. Егер шет мемлекет Қазақстан Республикасының сотында өзінің бастамасымен қозғалған істі қарау тарабы болып табылса, немесе Қазақстан Республикасының сотында істің мәнін қарауға қатысса, немесе істің мәні бойынша қандай да бір өзге іс-әрекетті қолданса, осы мемлекет соттық иммунитеттен бас тартуға келіскен деп танылады. Алайда, егер мемлекет ол осындай іс-әрекет қолданғанға дейін иммунитет туралы мәлімдеуге негіз болатын фактілер өзіне белгілі болуы мүмкін болмағанын сотта дәлелдесе, ол осы фактілер өзіне белгілі болғаннан кейін дереу солардың негізінде иммунитетке сүйене алады. 2. Егер шет мемлекет Қазақстан Республикасының сотында істі қарауға қатысса немесе иммунитетке сүйену немесе іс қараудың нысанасы болып табылатын мүлікке қатысты өз құқығына дәлелдемелер келтіру мақсатында қандай да бір іс-әрекет қолданса, соттық иммунитеттен бас тартқаны ретінде қарастырылмайды. 3. Шет мемлекет өкілінің Қазақстан Республикасының сотына куәлік айғақтар беру үшін келуі осы мемлекеттің соттық иммунитеттен бас тартуға келісуі ретінде қарастырылмайды. 4. Егер шет мемлекет Қазақстан Республикасының сотында істі қарауға қатыспаса, бұл мән-жай өзінен-өзі оның соттық иммунитеттен бас тартуға келіскені ретінде түсіндірілмеуге тиіс. 431-бап. Қарсы талап қоюға қатысты иммунитеттен бас тарту 1. Қазақстан Республикасының сотына талап қойған шет мемлекет осы мемлекеттің алғашқы талап қоюындағы сияқты сол құқықтық қатынастарға немесе фактілерге негізделген кез келген қарсы талапқа қатысты соттық иммунитеттен бас тартуға келіскен деп танылады. 2. Қазақстан Республикасының сотына қарсы талап қойған шет мемлекет алғашқы талап қоюына қатысты соттық иммунитеттен бас тартуға келіскен деп танылады. 432-бап. Төрелік іс қарауға қатысты иммунитеттен бас тарту Егер шет мемлекет туындаған немесе болашақта туындауы мүмкін дауларды өзінің қатысуымен төрелікте қарауға жазбаша нысанда келісім білдірсе, Қазақстан Республикасы сотының төрелікке қатысты функцияларды жүзеге асыруына қатысты мәселелер бойынша оның осы дауларға байланысты соттық иммунитеттен бас тартуға ерікті түрде келіскені деп танылады. 433-бап. Иммунитеттен бас тартуға келісімді кері қайтарып алу 1. Шет мемлекеттің соттық имунитеттен, талап қоюды қамтамасыз етуден иммунитет пен сот актісін мәжбүрлеп орындатудан иммунитеттен бас тартуға келісуі, осындай келісуді кері қайтарып алуға жол беру дауға қатысушы басқа тараппен келісімде тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, кері қайтарылып алынбайды. 2. Шет мемлекеттің соттық иммунитеттен бас тартуға келісуі сотта іс қараудың барлық сатыларында қолданылады. 434-бап. Қазақстан Республикасының юрисдикциялық иммунитетінің бұзылуына байланысты даулар бойынша иммунитетті қолданбау Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттің Қазақстан Республикасы мен оның меншігінің юрисдикциялық иммунитетін бұзуына байланысты даулар бойынша осындай шет мемлекет Қазақстан Республикасында соттық иммунитетті, сол сияқты талап қоюды қамтамасыз етуден және сот актісін мәжбүрлеп орындатудан иммунитетті пайдаланбайды. 435-бап. Кәсіпкерлік қызметке байланысты даулар бойынша иммунитетті қолданбау 1. Шет мемлекеттің Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы кезінде туындаған даулар бойынша соттық иммунитетті осы мемлекет Қазақстан Республикасында пайдаланбайды. 2. Шет мемлекет жасаған немесе мемлекеттің егеменді билігін жүзеге асырған кездегіден өзге түрде онымен байланысты болатын кәсіпкерлік қызметтен тыс азаматтық-құқықтық мәмілелерден туындаған даулар бойынша соттық иммунитетті осы мемлекет Қазақстан Республикасында пайдаланбайды. 3. Шет мемлекет жасаған немесе ол байланысты болатын мәміле оның егеменді билігін жүзеге асыруымен байланысты қызмет болып табыла ма деген мәселені шешу кезінде Қазақстан Республикасының соты осындай мәміленің сипаты мен мақсатын назарға алады. 436-бап. Заңды тұлғаларға қатысуға байланысты даулар бойынша иммунитетті қолданбау Шет мемлекет Қазақстан Республикасының аумағында құрылған немесе негізгі қызмет орны бар коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғаларға өзінің қатысуына қатысты даулар бойынша соттық иммунитетті Қазақстан Республикасында пайдаланбайды. 437-бап. Мүлікке құқықтарға қатысты даулар бойынша иммунитетті қолданбау Шет мемлекет: 1) Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікке өзінің құқықтарына, сондай-ақ осы мүлікке байланысты өзінің міндеттемелеріне; 2) мүлікке осы мемлекеттің егеменді билігін жүзеге асырумен байланысты емес негіздер бойынша туындайтын өзінің құқықтарына қатысты даулар бойынша соттық иммунитетті Қазақстан Республикасында пайдаланбайды. 438-бап. Залалды (зиянды) өтеу туралы даулар бойынша иммунитетті қолданбау Шет мемлекет, егер талап Қазақстан Республикасының аумағында толық немесе ішінара орын алған іс-әрекетпен (әрекетсіздікпен) немесе мән-жайлармен мүлікке залал келтіруден туындаса, осы мемлекеттің өмірге және (немесе) денсаулыққа келтірілген зиянды және мүлікке келтірілген залалды өтеуі туралы даулар бойынша Қазақстан Республикасында соттық иммунитетті пайдаланбайды. 439-бап. Зияткерлік меншік құқықтары объектілеріне қатысты даулар бойынша иммунитетті қолданбау 1. Шет мемлекет зияткерлік меншік объектілеріне өзінің құқықтарын белгілеуге және жүзеге асыруға қатысты даулар бойынша соттық иммунитетті Қазақстан Республикасында пайдаланбайды. 2. Шет мемлекет зияткерлік меншік объектілеріне басқа адамдардың құқықтарын осы мемлекеттің ықтимал бұзуына қатысты даулар бойынша соттық иммунитетті Қазақстан Республикасында пайдаланбайды. 440-бап. Еңбек даулары бойынша иммунитетті қолданбау 1. Шет мемлекет Қазақстан Республикасының аумағында толық немесе ішінара орындалған немесе орындалуға тиіс жұмысқа қатысты осы мемлекет пен қызметкердің арасында туындаған еңбек даулары бойынша соттық иммунитетті Қазақстан Республикасында пайдаланбайды. 2. Осы баптың бірінші бөлігінің ережесі: 1) қызметкердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғылықты жері болған жағдайды қоспағанда, іс қарау қозғалған кезде қызметкер оны жұмысқа қабылдаған мемлекеттің азаматы болып табылатын; 2) қызметкер мемлекеттің егеменді билігін жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындау үшін жалданған; 3) еңбек шартын жасасу немесе қайта жаңарту дау нысанасы болып табылатын жағдайларда қолданылмайды. 441-бап. Теңіз кемелерін және ішкі суда жүзетін кемелердi пайдалануға байланысты даулар бойынша иммунитет 1. Теңіз кемесінің немесе ішкі суда жүзетін кеменің меншік иесі болып табылатын не осы кемені пайдаланатын шет мемлекет, егер кеме талап қоюға негіз болған фактілер туындаған кезде мемлекеттік коммерциялық емес мақсаттардан гөрі өзге мақсаттарда пайдаланылса, осы кемені пайдалануға немесе осы кемемен жүк тасымалдауға қатысты даулар бойынша соттық иммунитетті Қазақстан Республикасында пайдаланбайды. 2. Осы баптың бірінші бөлігінің ережесі: 1) әскери корабльдерге және әскери-қосалқы кемелерге, сондай-ақ мұндай корабльдер мен кемелердің бортында тасымалданатын жүкке; 2) мемлекетке тиесілі және осы жүк қандай кемемен тасымалданатынына қарамастан, тек ғана мемлекеттік коммерциялық емес мақсаттарда пайдаланылатын немесе пайдаланылуға арналған жүкке қатысты қолданылмайды. 3. Осы баптың қолданылу мақсаты үшін кемені пайдалануға қатысты даулар деп, атап айтқанда: 1) кемелердің соқтығысуына, порттық және гидротехникалық құрылыстардың бұзылуына немесе басқа да суда жүзетін кеме аварияларына; 2) көмек көрсетуге құтқару жұмыстары мен жалпы аварияға; 3) кемеге қатысты жеткізілімдерге, жөндеу және басқа да жұмыстарға, қызметтер көрсетуге; 4) теңіз ортасының ластануы салдарларына; 5) суға батқан мүлікті көтеруге қатысты даулар түсініледі. 442-бап. Талап қоюды қамтамасыз етуден және сот актісін мәжбүрлеп орындатудан иммунитеттер Шет мемлекет: 1) шет мемлекет осы Кодекстің 429-бабының бірінші бөлігінде көзделген тәсілдердің бірі арқылы осы бапта көрсетілген юрисдикциялық иммунитеттің түрлерінен бас тартуға тікелей келісім білдірген; 2) шет мемлекет Қазақстан Республикасының сотында іс қараудың нысанасы болып табылатын талапты қанағаттандырған жағдайда мүлікті резервке қойған немесе өзгедей түрде белгілеген; 3) шет мемлекеттің Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлкі мемлекеттің егеменді билігін жүзеге асырудан өзге мақсаттарда пайдаланылатын және (немесе) пайдалануға арналған жағдайларды қоспағанда, талап қоюды қамтамасыз етуден иммунитетті және сот актісін мәжбүрлеп орындатудан иммунитетті пайдаланады. 443-бап. Егеменді билікті жүзеге асыру мақсатында пайдаланылатын мүлік Мемлекеттің егеменді билігін жүзеге асырудан өзге мақсаттарда шет мемлекет пайдаланатын және (немесе) пайдалануына арналған мүлік ретінде (осы Кодекстің 442-бабының 3) тармақшасы), атап айтқанда, шет мемлекеттің мынадай мүлкі қарастырылмайды: 1) шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдіктерінің немесе оның консулдық мекемелерінің, арнайы миссиялардың, халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктердің, халықаралық ұйымдар органдарындағы не халықаралық конференциялардағы шет мемлекет делегацияларының функцияларын жүзеге асыруы үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуға арналған мүлік (оның ішінде банк шотындағы ақша); 2) әскери мүлік және (немесе) Қазақстан Республикасы таныған бітімгершілік операцияларда пайдаланылатын мүлік; 3) сатуға қойылмаған не сатуға арналмаған мәдени құндылықтар немесе мұрағаттық құжаттар. 444-бап. Шет мемлекет қатысатын істер бойынша сот ісін жүргізу Егер осы Кодексте немесе басқа заңдарда өзгеше көзделмесе, шет мемлекет қатысатын істерді Қазақстан Республикасының соттары, заңды тұлғаларға, атап айтқанда шетелдік заңды тұлғаларға қатысты қолданылатын соттылық туралы ережені қоса алғанда, Қазақстан Республикасының сот ісін жүргізу ережелері бойынша қарайды. 445-бап. Шет мемлекеттің соттық иммунитеті туралы мәселенi шешу тәртібi Шет мемлекеттің соттық иммунитетті пайдаланатыны немесе пайдаланбайтыны туралы мәселені Қазақстан Республикасының соты тараптарды шақыра отырып, сот отырысында шешеді. 446-бап. Қазақстан Республикасы сотының шет мемлекет қатысатын даулар бойынша талап қоюды қамтамасыз ету және сот актісін мәжбүрлеп орындату туралы мәселелерді шешуi 1. Қазақстан Республикасының соты талап қоюды қамтамасыз ету және шет мемлекетке қатысты шығарылған сот актісін мәжбүрлеп орындату туралы мәселелерді шет мемлекетте тиісінше талап қоюды қамтамасыз етуден иммунитеттің және сот актісін мәжбүрлеп орындатудан иммунитеттің болуына немесе болмауына қарай шешеді. 2. Шұғыл шаралар қабылдамау сот актісін орындауды қиындатуы мүмкін немесе атап айтқанда, сот актісін орындауға жол бермеу мақсатында мүлікті жою, бүлдіру, орнын ауыстыру ықтималдығының едәуір дәрежесіне немесе өзгедей иелік етуге байланысты мүмкін етпейтін жағдайларда, Қазақстан Республикасының соты шет мемлекет тиісті иммунитетті пайдаланады деп пайымдауға өзінде жеткілікті негіздер болмаған кезде, тараптың өтініші бойынша талап қоюды қамтамасыз ету туралы және сот актісін мәжбүрлеп орындату туралы шешім қабылдауға құқылы. Мұндай шешім қабылдау шет мемлекетті тиісті иммунитеттің болуына сүйене отырып, оған дау айту құқығынан айырмайды. 3. Шет мемлекеттерге қатысты шығарылған сот актілерін мәжбүрлеп орындату Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасының негізінде жүзеге асырылады. 447-бап. Өзара түсіністік принципін қолдану 1. Шет мемлекетке қойылған талапты Қазақстан Республикасының сотында қарау кезінде сот талап қоюшының немесе іске қатысушы басқа тұлғаның өтініші бойынша өзара түсіністік принципін қолданады. 2. Кәсіпкерлік қызметке байланысты даулар бойынша, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметтен тыс азаматтық-құқықтық мәмілелерден туындаған даулар бойынша тиісті шет мемлекетте Қазақстан Республикасына берілетін юрисдикциялық иммунитеттің көлемін дәлелдеу өзара түсіністік принципін қолдану туралы өтініш білдірген тұлғаға жүктелуі мүмкін. 3. Егер өзіне қатысты юрисдикциялық иммунитет туралы мәселе туындаған шет мемлекетте осы Кодекске орай шет мемлекетке берілетінге қарағанда Қазақстан Республикасына юрисдикциялық иммунитет неғұрлым шектелген көлемде берілетіні дәлелденсе, онда Қазақстан Республикасының соты көрсетілген мәселені шешу кезінде өзара түсіністік негізінде Қазақстан Республикасының тиісті шет мемлекетте юрисдикциялық иммунитетті қандай көлемде пайдаланатынын негізге алуға құқылы. 448-бап. Осы Кодексті қолдану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының сотына жәрдемдесу 1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы сотының сұратуы бойынша немесе өз бастамасы бойынша осы Кодекстің шет мемлекетке қатысты қолданылуына байланысты, атап айтқанда, өзіне қатысты юрисдикциялық иммунитет туралы мәселе туындайтын тарап шет мемлекет болып табылады ма, мемлекеттің егемендік билігін жүзеге асыру жөніндегі қызмет орын алды ма, шет мемлекетте Қазақстан Республикасының юрисдикциялық иммунитеті қандай көлемде беріледі деген мәселелер бойынша қорытынды береді. 2. Қазақстан Республикасының соты дау нысанасы болып табылатын мәселелер бойынша жәрдемдесу және түсіндіру үшін Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі өзге де органдар мен ұйымдарға белгіленген тәртіппен жүгінуі немесе сарапшыларды тартуы мүмкін. Алынған қорытындылар мен түсіндірмелер істегі бар дәлелдемелердің жиынтығы ескеріліп, Қазақстан Республикасы сотының бағалауына жатады. 449-бап. Шет мемлекетке іс жүргізу құжаттарын жіберу және тапсыру 1. Шет мемлекетке оған қатысты Қазақстан Республикасының сотында іс қозғалғаны туралы хабарламаны және өзге де сот құжаттарын жіберу дипломатиялық арналар арқылы жүзеге асырылады. Тиісті мемлекеттің сыртқы істерін жүргізетін атқарушы билік органының оларды алған күні осы құжаттардың тапсырылған күні болып есептеледі. 2. Қазақстан Республикасы соттарының шет мемлекетке құжаттарды тапсыру туралы және Қазақстан Республикасының сотында оған қатысты қозғалған іске байланысты өзге де іс жүргізу әрекеттерін жасау туралы тапсырмалары Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде және Қазақстан Республикасының құқықтық көмек көрсетуді регламенттейтін халықаралық шарттарында көзделген тәртіппен ресімделеді. 450-бап. Сырттай шешім шығару Қазақстан Республикасының сотында іс қарауға қатыспаған шет мемлекетке қатысты шешім, егер сот: 1) осы Кодекстің 449-бабының талаптары сақталғанын; 2) шет мемлекетке оған қатысты іс қозғалғаны туралы құжаттарды тапсыру туралы тапсырма жіберілген күннен бастап кемінде алты ай өткенін; 3) осы Кодекстің ережелеріне сәйкес мемлекет соттық иммунитетті пайдаланбайтынын анықтаған жағдайда шығарылуы мүмкін.». 3. «Аралық соттар туралы» 2004 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 24, 151-құжат; 2009 ж., № 9-10, 47-құжат): 1) 9-баптың 1-тармағындағы «мемлекеттік тілде», «мемлекеттік тілмен» деген сөздер тиісінше «қазақ тілінде», «қазақ тілімен» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 11-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) мемлекеттік қызметші, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты, өз қызметін тұрақты немесе мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ағысы төленетін, жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаты және әскери қызметші болып табылатын адам аралық судья бола алмайды.»; 3) 32-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Талап қоюды қамтамасыз ету туралы өтінішке аралық сотқа талап қою дәлелдемелері қоса тіркеледі.»; 5) тармақшадағы «келетіндігінің;» деген сөз «келетіндігінің дәлелдемелерін табыс еткен жағдайларда ғана шағым жасалуы мүмкін.» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) тармақша алып тасталсын. 4. «Халықаралық коммерциялық төрелік туралы» 2004 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 24, 152-құжат): 1) 2-баптың 1) тармақшасындағы «немесе тұрақты негізде жұмыс істейтін» деген сөздер алып тасталып, «, сондай-ақ» деген сөз «немесе тұрақты жұмыс істейтін төрелік не» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын: «4-1-бап. Қарсылық білдіру құқығынан бас тарту Осы Заңның қандай да бір ережесі немесе төрелік келісімнің қандай да бір талабы сақталмағаны туралы білетін, сөйте тұра осындай сақталмауға төреліктің тұрақты жұмыс істейтін регламентінде осы мақсат үшін белгіленген мерзім ішінде қарсылықтарын мәлімдеместен төрелік іс қарауға қатысуды жалғастыра беретін тарап өзінің қарсылық білдіру құқығынан бас тартқан болып есептеледі.»; «өздеріне» деген сөз «өздерінің қызметіне» деген сөздермен, «ықпалын» деген сөз «араласуын» деген сөзбен ауыстырылсын; «тәуелсіз болады,» деген сөздерден кейін «осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын; 4) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын: «6-бап. Дауды төреліктің шешуіне беру 1. Тараптар арасында жасалған төрелік келісім болған кезде дау төреліктің қарауына берілуі мүмкін. 2. Тараптар төрелік келісімді тараптар арасында қандай да бір нақты азаматтық-құқықтық шарт бойынша туындаған немесе туындауы мүмкін дауларға қатысты жасасуы мүмкін. 3. Құзыретті соттың қарауында жатқан дауға қатысты төрелік келісім аталған сот дау бойынша шешім қабылдағанға дейін жасалуы мүмкін. Бұл жағдайда құзыретті сот өтінішті қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады. 4. Егер тараптардың ең болмағанда біреуі Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылса, жеке тұлғалар, коммерциялық және өзге де ұйымдар арасындағы азаматтық-құқықтық шарттардан туындайтын даулар тараптардың келісімі бойынша төрелікке берілуі мүмкін. 5. Егер тараптар өзге жөнінде уағдаласпаса, онда дауды тұрақты жұмыс істейтін төрелікке беру кезінде тұрақты жұмыс істейтін төреліктің регламенті төрелік келісімнің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады. 6. Төрелік келісімнің қолданылуы ол қандай тәртіппен жасалса, сондай тәртіппен тараптардың келісімі бойынша тоқтатылуы мүмкін. 7. Кәмелетке толмаған адамдардың, заңда белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың мүдделері қозғалатын даулар төреліктің қарауына жатпайды.»; 5) 1-тарау мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын: «6-1-бап. Төрелік келісім және құзыретті сотқа даудың мәні бойынша талап қою 1. Төрелік іс қарау нысанасы бойынша талап қою берілген құзыретті сот, егер төрелік келісім жарамсыз, күшін жойған немесе орындалуы мүмкін емес деп таппаса, егер тараптардың кез келгені бұл туралы өтінсе, даудың мәні бойынша өзінің алғашқы өтінішін ұсынудан кешіктірмей тараптарды төрелікке жіберуге тиіс.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |