Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу
Осы редакция 2010 жылғы 29 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетілдірудің 1999-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 қарашадағы № 1180 қаулысына: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетілдірудің 1999-2005 жылдарға арналған бағдарламасында: Қазақстанның статистикасын жетілдірудің 1999-2005 жылдарға арналған басым бағыттары деген 2-тарауда: Макроэкономикалық және салалық статистиканың көрсеткіштер жүйесі мен методологиясын жетілдіру деген 2.2-бөлімде: 2.2.1.2.-тармағының бесінші абзацында: «2001» деген сан «2005» деген санмен ауыстырылсын; «2001-2003» деген сандар «2004-2005» деген сандармен ауыстырылсын; «, оның қорытындысын бастырып жариялау, сондай-ақ статистикалық регистрлер мен деректер базасын күн талабына сай келтіру» деген сөздер алынып тасталсын; Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетілдірудің 1999-2005 жылдарға арналған бағдарламасына қосымшада: Макроэкономикалық және салалық статистиканың көрсеткіштері жүйесі мен методологиясын жетілдіру деген 2-тарауда: Нақты сектордың статистикасы деген 2.1-бөлімде: Экономиканың аграрлық секторының статистикасы деген 2.1.2-бөлімшесінде: 6-тармақта: 1-бағанда», оның қорытындысын жариялау, сондай-ақ, санақтың нәтижесі бойынша ауыл шаруашылығы регистрлері мен деректер базасын жаңғырту» деген сөздер алынып тасталсын; 2-бағанда», оның қорытындысын жариялау жоспары» деген сөздер алынып тасталсын; 4-бағанда «2001-2002» деген сандар «2004-2005» деген сандармен ауыстырылсын; 2) «Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 сәуірдегі № 463 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 14, 142-құжат): 1-тармақта «2003» деген сан «2005» деген санмен ауыстырылсын; 4-тармақта «2001-2004» деген сандары «2004-2007» деген сандармен ауыстырылсын; 3) «Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын әзірлеу, жүргізу және материалдарын өңдеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 2 маусымдағы № 830 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 25, 290-құжат): 2-тармақтың екінші абзацында «2002» деген сан «2004» деген санмен ауыстырылсын; 2-тармақтың үшінші абзацында «2002» деген сан «2004» деген санмен ауыстырылсын; 6-тармақта «2001» деген сан «2004» деген санмен ауыстырылсын; 8-тармақта «2003 жылдың қаңтарынан» деген сөздер «2005 жылдың қыркүйегінен» деген сөздермен ауыстырылсын; 9-тармақта «2000-2004» деген сандар «2004-2007» деген сандармен ауыстырылсын. 2. «Республикалық санаққа жәрдемдесу комиссиясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 шілдедегі № 952 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
|