Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 82 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 489 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 82 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 3, 42-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде: мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын: «8-1. Қоршаған ортаны қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік және өртке қарсы қауіпсіздік органдарының қорытындыларын алу үшін лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға өтініш берушінің құжаттарын тіркеген күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің мемлекеттік тіркелу орны бойынша қоршаған ортаны қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік және өртке қарсы қауіпсіздік органдарына өтініш берушінің қоршаған ортаны қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік және өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды ұсыну туралы сұрауын жібереді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|