Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 57, 551-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ережеде: тақырыбы «Жоғары» деген сөздің алдынан «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: «4-1. ЖҒТК-нің Қазақстан Республикасының Президентіне елдің ғылыми-технологиялық даму қорытындылары бойынша есебі мынадай бөлімдерден тұруға тиіс: 1. Кіріспе. 2. Негізгі бөлік: 1) елдің Ғылыми-техникалық дамуының басым бағыттары; 2) іргелі зерттеулердің негізгі нәтижелері; 3) қолданбалы ғылыми-техникалық бағдарламалар шеңберіндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың негізгі нәтижелері. 3. Ұсынымдар. ЖҒТК-нің есебі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне әрбір үш жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі 15 наурызға дейін енгізіледі.»; 10-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «ЖҒТК-нің шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және, егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берген жағдайда қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|